Жемқорлықпен күресу – барлығымыздың парызымыз
Кураторлық сағат тақырыбы: «Жемқорлықпен күресу – барлығымыздың парызымыз!»
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталған жолдауында Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге, жаңғыртуға бағытталған бес негізгі басымдылықты белгілеп берді.
Бұл құжатта маңыздылығы жөнінен айрықша көтерілген мәселе сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.
Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім. Заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.
Осыған орай Университетімізде әр оқу жылында жемқорлықпен күресу және алдын-алу іс-шараларының жоспарлары құрылып, оны іске асыруда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның іс-шаралардың бірі – топ студенттерін «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» заңымен, Университеттің ішкі тәртіп ережесі, Ар-намыс кодексі, жатақханада тұру ережелерімен таныстыру, оның орындалуын қадағалау. Кураторлары жыл сайын «Жемқорлықты алдын-алу» мақсатында көптеген іс-шаралар, кураторлық сағаттар өткізіп отырады.
22 ақпан 2019 жылы «Жалпы медицина» мектебінің 1 курс ЖМ18-005 қ., ЖМ18-019 қ. студенттерімен «Жемқорлықпен күресу – барлығымыздың парызымыз» атты кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағатта жемқорлық туралы қабырға газеттер, презентациялар дайындалып, көріністер көрсетіліп, сол жағдайлардан туындаған сұрақтарға студенттер жауап беріп, жемқорлықпен күресу туралы өз ойларын ортаға салды.
Ключевые слова:
мұғалімдер күніне, тақпақ ұстаздар күніне арналған, устаз, ұстаз күніне кіска создер, ұстаз туралы презентация, ұстаздар күні, ұстазым ұлағатым үлгі өнегем презентация