«Жемқорлық індет – күресу міндет» тақырыбында интеллектуалды сайыс өтті.
2021 жылдың 30 қарашасында Педиатрия мектебі ғылыми кітапханамен бірлесіп ұйымдастырып, Педиатрия мектебінің 1 курс білімалушылары арасында «Жемқорлық індет – күресу міндет» тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік – “параға сатып алу”, “пара” ретінде corruptiо деген латын сөзін шыққан. Рим құқығында corrumpirе деген түсінік болған, ол “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” секілді құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Өкінішке орай, барлық әлем елдері сияқты «Сыбайлас жемқорлық» Қазақстан Республикасында айналып өткен жоқ. Қылмыстың бұл түрінің біздің қоғамымыздың да барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Ең қауіптісі, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп жүр.
Интеллектуалды сайысымыздың мақсаты студенттерді адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Интеллектуалды сайыс 3 кезеңді қамтыды:
І кезең: ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру
ІІ кезең: берілген жағдаятты есептердің мағынасын ашып, талдап беру
ІІІ кезең: тақырыпқа байланысты дайындап әкелген постерлерін қорғау
Әділ қазы алқалары:
1. Тулетаев Б.С.- комплаенс-офицер
2. Байтекова К.Ж.- медициналық құқық кафедрасының лекторы
3. Жамбулатова Г.А.- ғылыми кітапхана басшысының орынбасары
Интеллектуалды сайысты ең жоғары ұпаймен SANALY URPAQ командасы жеңіп алды. Интеллектуалды сайыстың жеңімпаздарын сыйлықтармен және дипломмен марапаттады.