«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» және «ТМД ҮЗДІК СТУДЕНТІ»
Жалпы медицина – 2 мектебінің 6 курс интерні Егизбаева Айғаным Алмазқызы жоғары кәсіби дайындығы, білімге деген жауапкершілігі және тынымсыз еңбегінің нәтижесінде аталған беделді атақтарға ие болды.
Бұл жетістік жеке табыс қана емес, сонымен қатар оқу орнының абыройын асқақтатқан үлкен мақтаныш.
Әрбір марапаттың артында ұзақ ізденіс, табандылық және өз ісіне деген адалдық жатыр.
Айғаным Алмазқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да білім мен тәжірибені ұштастырып, биік белестерді бағындыра беруіңізге тілектеспіз




