«Жылу сыйлаймыз» акциясы
«Жас Отан» ЖҚ ұйымының студенттері «Жылу сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырды.
Жақсылық, мейірімділік – күллі тіршіліктің тұтқасы іспеттес. Əр адамның бойында мына əлемге, адамзатқа деген махаббат болса, оның адамгершілігі болмақ. Ал адамгершілігі бар жан, тек жақсылыққа құмар болады.
Біз «Жас Отан» ЖҚ ұйымына мүше болғалы əлемге, қоршаған ортамызға жаңаша көзқараспен, жоғары мейіріммен қарайтын болдық. Иə, бұл – біздің ұйымның əрбір студентінің ойы. «Жақсылықты үйреткен мектеп – бақытты мектеп»-дейді ғой. Мұнымен біз не айтқымыз келді?!
Біз кезекті демалыс күнімізді игі іспен өткіздік жəне ерекше əсер алдық. Кеше, яғни 23 ақпан күні С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіндегі «Жас Отан» ЖҚ ұйымының студенттері «Жылу сыйлаймыз» акциясын ұйымдастырдық. Шараның мақсаты: қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамай қаламыздың тазалығына жауапты тазалық сақшыларына алғыс айтып, жылу сыйлау. Шара бойынша тазалық жанашырларына тағамдар ұсынылды, ал өз кезегінде жастар аға-əпкелеріміздің батасын алды. «Жұмыла көтерген игі істің жастарға берері мол» деп үлкендерді аз да болса қуанту арқылы олардың жылы жүздерін көріп, өзіміз де қуанышқа бөлендік. Осындай игі шаралар тоқтап қалмай, алда да өз жалғасын табады деп сеніммен айтамыз.?
Міне, көргеніңіздей жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Өмірде жақсы жандар бар. Олар көп… Ол сіз бен біз!?Жақсылықта жарысайық!✊
@tuos_kaznmu @korkem_sagynbek қолдауларыңызға алғыс білдіреміз!