«Жылы жүрек» премиясы
2020 жылдың 2 желтоқсанында жастар саясаты басқармасы мен «Jas Otan KazNMU» ұйымының ұйымдастыруымен Т.Шарманов Даңқ залында «Жылы жүрек» премиясының марапаттау рәсімі өтті. Аталған іс-шара «Волонтер жылының» қорытындысына және университетіміздің 90 жылдық мерейтойына арналды. Премия 13 номинация бойынша, соның ішінде 11-і студентке, 1-і оқытушыға, 1-і университет түлегіне табысталды.
Номинация жеңімпаздары:
«Жомарт» (аз қамтылған отбасыларға көрсеткен көмегі үшін)
МЕЙІРБЕК ГҮЛДАНА
«Х.Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау» мектебінің 3 курс студенті, студенттік декан орынбасары, «Асар» даму орталығының жетекшісі. Түрлі қайырымдылық марафондарын ұйымдастырып, көмекке мұқтаж отбасыларға материялдық жәрдем берді.
«Қамқоршы» (жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін)
МЕЙРБЕК ӘСЕМ
«Жалпы медицина-1» мектебінің 3 курс студенті, «Jas Otan KazNMU» белсендісі, «Бір үйдің баласындай» жобасының ұйымдастырушысы. Биылғы жылы «Жылу сыйлаймыз» атты қаламыздың аула тазалаушы қызметкерлеріне көмек акциясының белсене қатысушысы. Көмекке мұқтаж отбасыларға, қашықтан оқу үшін ноутбук, ұялы телефон, кеңсе заттарымен және киім-кешектер сыйлап, жәрдем берді.
«Аялы алақан» (ерекше қажеттіліктері бар жандарға көрсеткен көмегі үшін)
РАХМАТУЛЛАЕВА АРУЖАН
Халықаралық факультеттің 6 курс интерні, «Ойlike» зияткерлік орталықтың негізін қалаушысы, Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының атқарушы директоры
2020 жылы «Zhastar Innovation» сайысында бас жүлде иегері.
Жоба атауы: Кедергісіз зияткерлік ойындар
Мақсаты: Көзі көрмейтін зағип жандарға тоғызқұмалақ ойынын үйрету, арнайы тақталар шығару.
«Қазына» (қарт адамдарға көрсеткен көмегі үшін)
БЕКЕНОВА ЖАНАР
«Фармация» мектебінің 2 курс студенті, «Адам бол» мейірімділік марафонының ұйымдастырушысы. Марафон аясында қайыр тілеп жүрген әжелерге, көп балалы отбасыларға көмек көрсетті. Халықаралық әйелдер күніне орай жалғыз басты әжеге сыйлық беріп, көңіл бөліп, үй шаруасына жәрдемдесті. «Халық фонды» ұйымдастырған азық-түлік себеттерін дайындауға көмектесіп, бірнеше апта бойы қоймада волонтерлік қызмет атқарды.
«Саулық» (медициналық волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін)
СЕЙТТАНОВА ЕРКЕЖАН
Халықаралық факультеттің 2 курс студенті, KazMSA «SCORP» жергілікті офицері, UNICEF ұйымының медиа-волонтері. Инклюзивті қоғамды қалыптастыру, ДЦП-мен ауыратын балаларды қолдауға арналған жобалардың ұйымдастырушысы. Балалар үйіне тұрақты түрде көмек көрсетеді.
«Зияткер» (студенттер арасында ғылыми және білім беру жобаларын, зияткерлік білімді дамытуға қосқан үлесі үшін)
ДАУРЕНОВ ҰЛЫҚБЕК
«Жалпы медицина-2» мектебінің 4 курс студенті, Университеттің Студенттік Үкіметі Академиялық істер комитетінің жетекшісі, “PARASAT” жемқорлыққа қарсы адалдық мектебінің төрағасы. Genius зияткерлік ойынының авторы. IQ Almaty телевизиялық жобасының жеңімпазы. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша байқаудың ІІ орын иегері. ҚР дарынды жастарына арналған «Алтын төсбелгі 2020» иегері.
«Шабыт» (талантты студенттерді қолдауға көрсеткен көмегі үшін)
ЗИЯБІЛОВА НУРИЛА
«Педиатрия» мектебінің 2 курс студенті, «Jas Otan KazNMU» белсендісі, жас ақындардың «Қаламгер» клубының негізін қалаушысы. Инстаграм арқылы университетіміздің жас ақындарының өлеңдерін жариялап, мәнерлеп оқудан челленджер ұйымдастырды.
«Табиғат жанашыры» (экологиялық волонтерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін)
КОНУС НАЗЫМ
«Жалпы медицина-1» мектебінің 3 курс студенті, «Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымының белсендісі, «Бір тамшы нәр» қозғалысының еріктісі, «Болашақ дәрігеге көмек» жобасының ұйымдастырушысы. «Қоқыстан-қайырымдылыққа» акциясының авторы, акция мақсаты: студенттер арасында экологиялық мәдениеттілікті қалыптастыру, студенттерден жиналған макулатураны өткізіп, жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсайды.
«Ақпараттық қолдаушы» (медициналық блогерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін)
ДАУЛЕТБАЕВ ҚУАНЫШБЕК
«Жалпы медицина-2» мектебінің 5 курс студенті, «Қуанышты медицина» Youtube каналының авторы, қазіргі таңда 1500-нан астам оқырманы бар. 6 айда еліміздің барлық медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттерінен пікірлер мен алғыстар алды. Автор өз өмірі студенттік кездегі тәжірбиелері мен ойлары туралы блогтар түсіреді.
«Жылдың қайырымды ұйымы» (қайырымдылық пен волонтерліктің қағидаларын насихаттағаны үшін)
Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТЫ
Студенттерге қолжетімді ағылшын тілінен курстар өткізу үшін «Асар-даму орталығы» жобасының авторлары. Түскен қаражатты ДЦП-ның гиперкинетикалық формасымен ауыратын балаға аударды. Университеттің 90 жылдығына орай 1 курс студенттерінен 90 көшбасшысыны дайындау мектебінің ұйымдастырушылары. Университет студенттеріне психологиялық көмек көрсету мақсатында «Қолдау» жобасының авторлары.
«Мейірім» (қайырымдылық пен волонтерліктің дамуына қосқан үлесі үшін)
ОМАРКУЛОВА НАЗИРА САЙНОВНА
«Фармация» мектебінің инженерлік пәндер кафедрасының оқытушысы, техника және технология ғылымдарының магистрі. «Жылу сыйлаймыз» қайырымдылық акциясына қатысқан, «Жанұя» балалар үйіне тұрақты түрде жәрдем береді. Мектептің ардагер ұстаздарына студенттермен бірге барып, өз көмектерін көрсеткен.
«Alma mater» (университет дамуына қосқан белсенді қайырымдылық қызметі үшін)
Университетіміздің 1996 жылғы фармацевтика факультетінің түлегі, «Вива-фарм» компаниясының бас директоры, 2020 жылы болашақ фармацевтикалық өндіріс мамандарының білім алуы үшін фармацетивкалық бастамалар орталығына лабораторлы бірпуансонды таблетпресс сыйлайды.
«Жыл волонтері» (қайырымдылық пен волонтерлік жобаларды насихаттап, іске асырғаны үшін)
БЕРДІХАН МҰҚАСАН
«Дипломнан кейінгі білім беру» факультетінің 7 курс интерні, «Ізетті іс» қоғамдық қорының негізін қалаушысы және жетекшісі. Пандемия уақытында республика бойынша 400-ден аса мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерімен қолдау көрсеткен. Қазіргі таңда И.Жекенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері.
Жеңімпаз волонтерлерді университет ректоры, проректорлары және декандар марапаттады.