«Жылы Жүрек» қайырымдылық премиясы өтті
2019 жылдың 9 сәуір күні «Concordia» театрында Университеттің «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жылы жүрек» қайырымдылық премиясының салтанатты рәсімі өтті. Премияның басты мақсаты – жаны жомарт, пейілі кең студенттерді анықтау, оларға алғыс айту арқылы келешек жастарға үлгі көрсету, қайырымдылықты насихаттау.
Биылғы жылы «Жылы жүрек» қайырымдылық премиясына жиырмадан астам үміткер қатысты. Нәтижесінде «Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясымен Жалпы медицина мектебінің студенттік деканы, Жалпы медицина мектебінің 5 курс студенті Мәмбет Ержан, «Егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі адамдарға көрсеткен көмегі үшін» номинациясы бойынша ҚазҰМУ Білім алушылар кәсіподағының төрағасы Бөріхан Ерболат, «Спортты қолдау және дамытуға көрсеткен көмегі үшін» номинациясымен «Alma mater» Дебат клубы, «Жетім балаларға көрсеткен көмегі үшін» номинациясымен Жалпы медицина мектебінің студенттік деканаты, «Жылдың қайырымды ұйымы» номинациясымен «Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымы, «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы бойынша Интернатура және резидентура факультетінің 6 курс интерні Тілеубек Нұридін, «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы Жалпы медицина мектебінің 3 курс студенттері Үсен Айда және Сейдахметова Камила марапатталды.
Кешке көрермен ретінде Алматы қалалық «Жас Отан» ЖҚ өкілі, Алматы техникалық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, Университет қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Сондай-ақ, кештің арнайы қонақтары Азамат-Ажар Оразбектер жанұясы, Серік Сатқанбаев, Ләззат Салықова, Бақтыгул Алимбекова, Ақнұр Ақжеркенова, Омар Тұрашов және Аруай Тасмагамбетова өз өнерлерін паш етті.
Жастар саясаты басқармасы
Университеттің «Жас Отан» Жастар қанаты