Жыл қорытындысы: ҚазҰМУ жетістіктерімен танымал болды
2024 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Қазақстанда және шетелде беделі артып, танымалдылығы одан әрі өсті. Біздің іс-шаралар, ашылулар бен жетістіктер республикалық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.
Университет ғалымдары, дәрігерлері мен дарынды студенттері бірнеше рет жаңалықтардың басты кейіпкерлеріне айналып, ҚазҰМУ-дың беделін арттырды. Бұл жұмыстардың барлығы университетіміздің, оның қарамағындағы ұйымдардың және қызметкерлердің игілігі үшін жасалады. Ал білім, ғылым және медицина саласындағы маңызды жаңалықтарды халыққа жеткізуде ҚазҰМУ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ маңызды рөл атқарады.
Бұл жыл – біз үшін жетістік жылы болды. Әрмен қарай болашаққа сеніммен қадам басамыз!