«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы
Қасиетті жұманың таңы мейірім және жылулық сыйлаумен атты. Университетіміздің «Мейірбике ісі» кафедра ұжымының ұйымдастырылуымен, «Мейірбике ісі» мамандығында оқитын студенттер қан орталығына келіп, қан тапсырды.
Игі шара аясында, қан тапсыру алдында толқып тұрған студенттерге ұстаздары жігер беріп, қан тапсырудың адам денсаулығына тигізер пайдасымен қатар, қайырымды іс екені туралы да сөз етті. Қайырымдылық шарасы қанның қатерлі дертіне шалдыққан және төтенше жағдайлар мен апатты оқиғалар болған кезде, медициналық мекемелерде қан тапшылығының алдын алуға бағыттылып отыр. Түптеп келгенде, ұзақ жасалатын оталардың барлығына әрбір қан тамшысының қымбат екені мәлім.
Бас аяғы 5 cағаттың ішінде 10 литрге жуық қан тапсырылды. Студенттердің әрқайсысы донор болып, адам өмірін сақтауға көмектесіп қана қоймай, ҚР Үкіметі “Донорлыққа” белгіленген 630 тг көлеміндегі ақшаны (Миопатия, оң жақ өкпе гипоплазиясы, дизартрия,симптоматикалық эпилепсия) диагнозымен ауыратын Кәусар балапанның еміне аударды. Жиналған қаржы көлемі 19430 тг құрады. Ізгі бастамаға ниетті аталмыш кафедра ассистенттері студенттерінің бұл жақсылығымен мақтанып, басқаларға үлгі болатынына сенеді және қан тапсыруды одан әрі дәстүрге айналдырмақшы.