Жұлын бұлшықет атрофиясы (ЖБА): Диагностика, терапия, функционалдық мониторинг
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың 95 жылдығы мен профессор С.К.Қайшыбаевтың 90 жылдығына арналған практикалық денсаулық сақтау саласы үшін білім беру іс-шараларының сериясын Неврология кафедрасы жалғастыруда.
2025 жылғы 26 сәуірде Алматы қаласында «Жұлын бұлшықет атрофиясы (ЖБА): Диагностика, терапия, функционалдық мониторинг» тақырыбында мастер-класс өтті. Бұл білім беру іс-шарасы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Неврология кафедрасы және «Неврологтар қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен ҚР ДСМ-нің 2025–2027 жылдарға арналған ересек халыққа арналған неврологиялық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша Жол картасы аясында өткізілді, мақсат — практикалық денсаулық сақтау саласының профильді мамандарын каскадтық оқыту әдісі арқылы дамыту.
Мастер-класты С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың Неврология кафедрасының меңгерушісі Туруспекова С.Т., Неврология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Нуржанова Р.Б., ҚММУ Неврология кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының магистрі Мырзалиева Б.Д., Талдықорған қаласындағы Облыстық аурухананың неврология бөлімінің меңгерушісі, Жетісу облысының бас штаттан тыс неврологы Жакупбаева И.Т. жүргізді.
Жұлын бұлшықет атрофиясы — тұқым қуалайтын ауру, оның себебі — қозғалысты бақылайтын қозғалтқыш нейрондарының жұмыс істеуі үшін маңызды SMN ақуызының тапшылығы. ЖБА-ның бірнеше клиникалық түрі бөлінеді, олардың әрқайсысы аурудың басталу жасымен, клиникалық көрінісінің ауырлығымен, моторлы дағдылардың деңгейімен және аурудың табиғи ағымындағы өмір сүру ұзақтығымен сипатталады.
ЖБА туралы алғашқы мәліметтер XIX ғасырдан басталады: 1891 жылы австриялық невролог Г. Вердниг СМА-мен науқасты сипаттады. Тек 104 жылдан кейін ғана ғалымдар SMN1 және SMN2 гендерінің мутацияларының ЖБА-ға әкелетінін анықтады.
Мастер-класс барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
— ЖБА диагностикасы: кезеңдері мен әдістері;
— Патогенетикалық терапия: соңғы жаңалықтар мен тәсілдер;
— Терапияның сабақтастығы: балалардан ересектерге өтуде үздіксіз емнің маңыздылығы;
— Ем нәтижелерін жақсартуға бағытталған мультидисциплинарлық тәсіл.
Сонымен қатар, клиникалық жағдайларды бірлесіп талдау ұсынылды және RULM, HFMSE, 6MWT стандартталған шкалаларын пайдалана отырып, ЖБА-мен ауыратын науқастардың функционалдық жағдайын бағалау бойынша практикалық дағдылар меңгерілді. Практикалық бөлімге қатысу үшін алдын ала келісім берген пациент тартылды.
Білім беру іс-шарасының басты мақсаты — ЖБА-мен ауыратын науқастарды жүргізуге жауапты аймақтық бас неврологтар мен неврологтардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу, заманауи диагностика, патогенетикалық терапия әдістерін, мультидисциплинарлық тәсілдер мен функционалдық мониторингті халықаралық стандарттар мен үздік тәжірибелер негізінде меңгеру арқылы пациенттердің өмір сапасын жақсарту болды.
Мастер-классқа Қарағанды, Атырау, Көкшетау, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Абай облысы, Қызылорда, Талдықорған, Алматы облысы мен Алматы қаласынан келген неврологтар қатысты. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырды.
Мастер-класс «Рош Қазақстан» ЖШС-нің ақпараттық қолдауымен өтті.