. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кафедраларына аға оқытушысы (лектор) лауазымына орналасуға конкурс жариялайды
Ұйымның мекен жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі 94,
Бос лауазымның атауы: Кафедра аға оқытушысы
- Әскери кафедрасы – 1,0 бірлік.
Кафедра аға оқытушысының болжамды жалақысы: Лауазымдық айлықақы 385 200 теңгеден бастап;
Аға оқытушы (лектор) лауазымының міндеттерінің қысқаша сипаттамасы:
Ұйымдастыру және өткізу – дәрістік, семинарлық және тәжірибелік сабақтарды студентке бағдарланған оқыту мен бағалау қағидаттарын ескере отырып; оқытылатын пәндер бойынша білім, ғылым және инновация интеграциясын ескере отырып, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу; бакалавриат білім алушыларымен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, кері байланыс орнату; оқу сабақтарын жүргізуде мамандықтың ерекшелігін (жоғары білім беру бағыты бойынша) ескеру; кәсіби саладағы инновацияларды (жоғары білім беру бағыты бойынша) оқу процесіне енгізу.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды/шығармашылық жобаларды орындауға қатысу; ғылыми Нәтижелілік пен жариялау белсендігін арттыру; бакалавриат білім алушыларының зерттеу дағдыларын диагностикалауды жүргізу; бакалавриат білім алушыларының ғылыми-зерттеу/ғылыми-шығармашылық қызметі мен жарияланымдық белсенділігін дамыту және қолдау стратегияларын қолдану.
Оқу-әдістемелік жұмысты жүргізу және әдістемелік құзыреттілікті дамыту; кәсіби біліктілікті арттыру; бакалавриаттың семинар/практикалық сабақтарын өткізу кезінде пәндік салада психологиялық-педагогикалық білім мен білімнің интеграциясын қамтамасыз ету; оқытудың заманауи және инновациялық (оның ішінде цифрлық) технологияларын қолдану.
ЖЖОКБҰ саясаты мен рәсімдеріне сәйкес білім беру ортасын және ұйымдық мәдениетті қолдау және дамыту; білім алушылардың азаматтық және кәсіптік белсенділігін арттыруға ықпал ету; академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау; білім алушылардың таңдаған кәсібіне тұрақты қызығушылығын қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қағидаттарын сақтау. Білім алушылармен, әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен оңтайлы коммуникациялар құру; әріптестермен және ЖЖОКБҰ қызметкерлерімен командада жұмыс істеу;
Білім алушыларды Қоғамдық жастар қозғалыстары мен ұйымдарына тарту; жұмыс берушілерді болашақ мамандарды даярлау процесіне тарту; дайындық бағыты бойынша сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; әр түрлі деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде өзекті мақалалар жариялау.
Аға оқытушы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:
- Әскери кафедра аға оқытушы лауазымын атқаратын қызметкерге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
- Лауазымға запастағы (отставкадағы) офицер әскери атағы запастағы (отставкадағы) майордан төмен емес тағайындалады;
- Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (медициналық, әскери-медициналық, әскери) және/немесе ғылыми (академиялық) дәрежесі;
- Кемінде 10 жыл әскери қызмет тәжірибесі;
- 5 жыл мерзімге жарамдылық сертификаты, үздіксіз білім беру курстарын (пән бейіні бойынша) сертификаттау;
- Циклде дайындау жүзеге асырылатын мамандықтардың біреуінің әскери-есеп мамандығына сәйкес келуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі (сыртқы қабылдау):
- Фотосуреті бар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме;
- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты. Қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады (көшірмесі);
- Шетелдік азаматтар ҚР-да тұруға ықтияр хаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін);
- Білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Психиатрия, наркология диспансерлерінен есепте тұрмайтын туралы анықтама;
- № 075/у «медициналық анықтама» нысаны, флюорография;
- Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
- Соттылығының жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;
- Соңғы 3 жылда педагогикалық құзыреттер бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификат(кемінде 36 сағат көлемінде);
- Оқытылатынпәндербейінінесәйкессоңғы3жылдакемінде72сағаткөлеміндебіліктіліктіарттырутуралысертификат(куәлік)
11.Соңғы бес жылдағы қызмет нәтижелері (жеке жетістіктері) (сертификаттардың көшірмелері, негізгі ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі және т. б.)
- Оқу бағдарламасы бойынша жобаның презентациясы – пәнді оқыту әдістемесі (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан аспайтын, регламент – 7 минутқа дейін).
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Алматы қаласы, Төле би көшесі, 94, 1 корпус, 104 кабинет мекенжайы бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша жүзеге асырылады. [email protected], [email protected]
Анықтама телефоны: 3387080 ішкі. 7080, 7024, 7023,7021, 7236