Зиянды тағамның өсіп келе жатқан ағза денсаулығына әсері
2026 жылғы 9 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының қызметкерлері тәрбие жұмысы мен ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) аясында Алматы қаласындағы №9 арнайы мектеп-интернатында сөйлеу тілінің дамуы тежелген (СТДТ) балаларға арналған іс-шара өткізді. Іс-шараға педиатрия және медицина мектебінің 3 курс студенттері – болашақ дәрігерлер қатысты. Олар 7 – 9 сынып оқушыларына «Зиянды тағамның өсіп келе жатқан ағза денсаулығына әсері» тақырыбында интерактивті лекция өткізді.
Кездесу барысында оқушылар дұрыс емес тамақтанудың салдары, фастфуд пен тәтті газдалған сусындардың ағзаға әсері туралы ақпарат алып, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестермен танысты.
Интерактивті формат оқушылардың белсенді қатысуына, сұрақтар қоюына және ақпаратты жақсы меңгеруіне мүмкіндік берді.
Денсаулыққа қамқорлық дұрыс тамақтанудан басталады!
Іс-шараны ұйымдастыруға «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының оқытушылары қатысты:
* кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент — Н.А. Сағатбаева
* қауымдастырылған профессор — Г.М. Абдуллаева
* кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі — Л.Ж. Үмбетова
* профессор ассистенті — М.А. Ералиева
* ассистент — А.М. Бисембаева






