Интернатура және резидентура деканатының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауды талқылау жиналысы
2019 жылы 11 қыркүйекте Интернатура және резидентура деканаты білім алушыларымен Конкордия театрында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылау бойынша жиналыс өткізді. Жолдау бойынша факультет декан З.Жанкалова баяндама жасады. Аталған жиналысқа корпоративтік даму бойынша проректор У.Датхаев қатысты.
Баяндама барысында факультет деканы Мемлекет басшысының Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында 5 басым бағытты атап өтті. Жолдау – бағдарламалық құжат ретінде мемлекеттің алдағы жылға арналған жол қартасы болып танылатынын тоқталып өтті. Осы орайда, Жолдауда көрсетілген басты міндеттерді тиімді жүзеге асыруға жастардың қосар өз үлесі зор екені аталып өтілді. Білім алушылар Жолдауды толығымен қолдайтынын білдірді.