Испаниядағы Гранада Университетінде 3 айлық мерзімде өтетін ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс
Испаниядағы Гранада Университетінде 3 айлық мерзімде өтетін ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс туралы!
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистратура және PhD докторантура бөлімі және халықаралық қатынастар бөлімі ғылыми тағылымдама әріптес университетпен University of Granada, Испанияда Erasmus+ жобасы аясында өтетін грантқа конкурсқа қатысуға хабарлама жариялайды.
Ғылыми бағыт:
-биомедицина
-биохимия және молекулярлық биология
-фармация
-клиникалық медицина және қоғамдық денсаулық сақтау
-нутрициология
-психология
Претенденттерге қойылатын талаптар:
-ағылшын тілі білімі ( upper intermediate төмен болмауы тиіс) (сертификата болуы тиіс)
– жарияланған жұмыстардың болуы
– шетелге шығуға арналған төлқұжат
– магистр дипломының болуы
Конкурстық іріктеу 2 сатыдан тұрады:
– Құжаттардың экспертизасы
-Конкурстық комиссиямен өткізілетін сұхбат
Конкурстың нәтижесінде тек 1 үміткер ғана іріктеліп алынады.
Конкурстық құжаттар
Ғылыми тағылымдамадан гран бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің барлығы , төмендегідей құжаттарды ұсынуы тиіс:
-Транскриптпен бірге үміткердің анкетасы (ЖҮКТЕУ)
-ынталандыру хаты
– ғылыми жетекшісі мен ғылыми кеңесшілермен бірге келісілген ғылыми тағылымдаманың жоспары,
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер құжаттарды өткізудің соңғы мерзімі: – 2017 жылдың 16 қазан айы, кешкі 18.00-ге дейін.