Иіс пен дәм сезбей жүрмін – Covid боп қалған қазақ
Белгісіз вирус ер азаматтарды ұрықсыз қалдыруы мүмкін.
Олжас Бапай коронавирусты мамыр айында жұқтырып алыпты. Оның айтуынша, сауыққан соң бірнеше аптадан кейін бірқатар белгілер қайта мазалапты. Солардың бірі – иіс сезу қабілеті төмендеп, әлгі күнге дейін астың дәмін ажырата алмайды екен.
Олжас Бапай, қала тұрғыны:
Сол 5-6 айдың ішінде маған әлі иіс келген жоқ. Мен әлі кейбір иісті сеземін, кейбірін жоқ. Мен үшін жоқ. Дәрігерге барған жоқпын, интерентті ашып қарасам эксперттер айтады бәрі уақытымен қайта қалпына келеді деп. Алайда 5 ай өтті иіс әлі оралған жоқ.
Ғалымдар ақпан-маусым айлары аралығында «COVID-19-бен» ауырған адамдар арасында сауалнама жүргізген. Оның нәтижесі індеттен жазылып шыққандардан 4 айдан соң да бірнеше белгілердің сақталатынын көрсеткен. Атап айтқанда сауалнамаға қатысқандардың 11% ентігетінін, 10% әлсіз болып қалғанын, 10%, иіс сезу қабілетінің бұзылғанын, 4% жөтелінің кетпегенін, 2% дәм сезуінің бұзылғанын айтқан. Ал екі айдан кейін науқастардың төрттен бірі шаштарының түсе бастағанына шағымданған.
Вячеслав Локшин, Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:
Біз мына мәселені түсінуіміз қажет. Бұл белгісіз вирус. Бірақ, кей зерттеу жұмыстары көрсеткендей ол ерлердің ұрығына, әйелдердің аналық ұрығына кері әсерін тигізеді. Одан бөлек түсік тастау мен ерте босануға да ықпал етеді.
Танымал гинеколог-акушер Динара Мырзахметова да вирус жүкті қыз-келіншектерге қауіпті екенін растайды. Себебі, аяғы ауыр келіншектің онсыз да иммунитеті төмен. Сондықтан қоғамдық орында болашақ аналар сақ жүруі тиіс дейді.
Динара Мырзахметова, акушер-гинеколог:
Жұқпалы вирус тек жүкті қыз-келіншектерге ғана емес барлық адамға қауіпті. Аяғы ауыр әйелдің имуммнитеті төмен болады. Олардың әп-сәтте жұқтырып алу қауіпі өзгелерге қарағанда басым.
Қысқасы, тәж тұмауы тек әйел адамға емес ер азаматқа да қауіпті. Мәселен коронавирустық инфекциямен ауырған азаматтың репродуктивті функциясы бұзылу мүмкін. Мұндай қортындыға изарильдік ғалымдар келіп отыр. Олардың зерттеуінше аурудың жеңіл түрімен ауыратын науқастардың ұрықтарының саны мен жылдамдығы 50 пайызға төмендегенін анықтаған.
Толығырақ: https://www.zakon.kz/5046455-i-s-pen-d-m-sezbey-zh-rm-n-covid-bop-al.html
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/иіс-пен-дәм-сезбей-жүрмін-covid-боп-қалға/