КазҰМУ-де академик Талғат Муминовтың «Клиникалық фтизиатрия» кітабының тұсаукесері өтті
Бүгін С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде академик Талғат Аширұлы Муминовтың «Клиникалық фтизиатрия» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Талғат Аширұлы Муминов – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, фтизиатрия және пульмонология салаларын дамытуға баға жетпес үлес қосқан көрнекті ғалым. Оның еңбектері медициналық ғылымды жетілдіру мен Қазақстанда жоғары білікті мамандар даярлаудың негізі болып табылады.
«Клиникалық фтизиатрия» кітабы – КазҰМУ-да фтизиатрия бойынша ағылшын тілінде басылып шыққан алғашқы кітап. Басылымда көптеген жылдық ғылыми тәжірибе және туберкулезді диагностикалау, емдеу мен алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар жинақталған. Бұл кітап студенттер, оқытушылар және тәжірибелі дәрігерлер үшін таптырмас құрал болады.
КазҰМУ ректоры Марат Шоранов осы жұмыстың маңыздылығын атап өтті:
«Академик Муминовтың кітабы қазіргі жағдайда ерекше өзекті, өйткені туберкулезді диагностикалау және емдеу мәселелері медициналық ғылымның басты назарында қалып отыр. Біз мұндай кітаптардың тұсаукесері университетімізде жақсы дәстүрге айналып, ғылымды дамытуға және білімді студенттер мен оқытушылар арасында кеңінен насихаттауға ықпал етеді деп сенеміз.»
Іс-шараға әріптестері, студенттер, медицина қауымдастығының өкілдері қатысып, академик Муминовтың еңбегінің қазіргі медицина үшін маңыздылығын атап өтті. Презентация фтизиатрияның Қазақстан мен әлемдегі даму перспективалары туралы пікірталаспен аяқталды.
Кітап КазҰМУ студенттері мен оқытушыларына, сондай-ақ фтизиатрия саласындағы білімдерін тереңдетуге ұмтылатындардың барлығына қолжетімді.