ҚазҰМУ доценті «Қазақстан мақалалары жоғары импакт-факторлы журналдарда» атты номинациясында жеңімпаз атанды
Қарашаның 18-і күні 2016 ж. Алматыда өткен «Ғылым мен инновация – экономикалық дамудың негізі» атты Қазақстанның 25 жыл тәуелсіздігіне арналған форум шеңберінде, Thomson Reuters компанияның нұсқасы бойыншаең жоғары дәйек сөз алу рейтингі бойынша беделді ғылыми баспаларда шыққан публикациялар бар ғалымдар марапатталды. Бұл іс-шара «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ, «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ және Thomson Reuters халықаралық компаниясы күшімен, ҚР білім және ғылым министрілгінің демеуімен ұйымдастырылған болатын. Форум жұмысына Қазақстанның атақты ғылым қайраткерлері, жас ғалымдар, ғылыми ұйымдар және жоғары оқу орындар өкілдері қатысты.
Форумдағы кіріспе сөзінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының» басқарма төрағасы Ә. Ыбраев жүлдегер ғалымдардың жетістіктері мақала жазып шығару және дәйек соз алу белсенділігіне қарап, Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурснегізінде бағаланғанын атап өтті. Қазақстан ғалымдарының ғылыми мақалаларының саны артуы – ол бүкіл еліміздің табысы боп табылады, деп Асланбек Амрин, ҚР Білім және Ғылым Министрінің орынбасары Форумдағы сөзінде айтты.
Отандас ғалымдарымыздың ғылыми мақалалары мақала жазып шығару және дәйек соз алу белсенділігіне қарап, Web of Science (Thomson Reuters) ақпараттық ресурснегізінде үш номинациясы бойынша бағаланды.
«Қазақстан мақалалары жоғары импакт-факторлы журналдарда» атты номинациясында медицина саласындағы егемен халықаралық жүлде С.Д. Асфендияров атындағы КазҰМУ жүрек-тамыр хирургия кафедрасының доценті,Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментіне қарасты Қалалық Кардиология Орталығының ренгенхирургия бөлімшесінің меңгерушісі Оразбек Саховқа тапсырылды (15,064импакт-факторлы «European Heart Journal» журналға «2014 ESC/EACTS Guidelines on myocardial revascularization» атты мақала басылып шыққан үшін).