КЕАҚ «С.Д Асфендияров Қазақ Ұлттық Медицина Университетінде» шетел азаматтарын оқуға тарту және алып жүру бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді таңдауға қатысуға өтінімдерді қарау комиссия отырысының қорытындысы
2024 жылғы 21 мамырда ҚазҰМУ-де азаматтарды оқуға тарту және алып жүру бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді таңдау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия қарауына 3 өтініш беруші компаниядан өтінімдер түсті: «Indasia Global» ЖШС, «Central Asia Education company» ЖШС, «CIS Global Medical Education» ЖШС.
Шешім:
- «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне» КЕАҚ шетел азаматтарын оқуға қабылдау және тарту бойынша қолдау қызметтерін көрсететін атқарушыларды іріктеу тәртібінің 1 тармағына сәйкес, Ықтимал атқарушылар біліктілік талаптарына сәйкес емес деп танылады. Таңдау өткізілмеген деп танылды.
1) «Indasia Global» ЖШС:
а) қаржылық тұрақтылықты дәлелдеу үшін өткізетін ағымдағы жылдағы бір жылдық қаржы айналымы туралы банктен анықтама күмәнді (баланс пен ақша қалдығы сәйкес келмейді);
2) «Central Asia Education company» LLP:
а) №7 жатақханадағы тұрғын үйді жалға беру туралы 02.05.2024 жылы «PSP International» ЖШС-мен заңсыз жасалған және жарамсыз деп танылады;
б) қаржылық тұрақтылықты дәлелдеу үшін өткізетін ағымдағы жылдағы бір жылдық қаржы айналымы туралы банктік үзінді көшірме жоқ (тек анықтама ұсынылған).
3) «CIS Global Medical Education» LLP:
а) Бекітілген прейскурант бойынша 1 жылға оқыту құны 3 000 000 (үш миллион) теңгені құрайды, кепілдік жарна сомасы 1 жылға тартылатын 40 шетелдік студенттерге төленген. «Іріктеу тәртібіне» сәйкес кепілдік жарнаның мөлшері барлық тартылған шетелдік студенттер үшін 1 жыл бойы оқытудың жалпы құнының 10 (он) пайызын құрауы тиіс, бірақ тартылған шетелдік студенттердің саны 50 студенттен (елу) кем болмауы тиіс.
б) қаржылық тұрақтылықты дәлелдеу үшін өткізетін ағымдағы жылдағы бір жылдық қаржы айналымы туралы банктік көшірме сенімді емес (қаражат қалдығы тартылатын 50 (елу) шетелдік студенттерден аз).
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алқасының 2024 жылғы 15 мамырдағы шешімін ескере отырып, Комиссия қайта іріктеу жарияламау туралы шешім қабылдады.