Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алу кеші өтті
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің Даңқ залында 2 қазан күні Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай Мейірбике ісі оқу департаменті мен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастылуымен «Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында қазақтың қайсар қызы, Кеңестер Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алу кеші болып өтті.
Кешке Ұлы Отан соғысының ардагері Мәншүк Мәметованың майдандасы, соғыс және еңбек ардагері К.Б. Көшекбаев және туысы Айман апай мен Мәншүк Мәметованың атындағы №28 лицей-мектебінің ұстаздар мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Еске алу кеші шақырылған қонақтардың және студенттердің, оқытушылардың университеттің қаһармандар аллеиясына тағзым етіп гүл қою және мұражайға экскурссиямен басталды.
Еске алу кешін студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаментінің директоры Л.С. Шыңғысбаевтың алғы сөзімен басталды. Бүгінгі кездесу жастарға төл тарихымыздың бір ауыр кезеңі болып табылатындығын және Ұлы Отан соғысының тарихи маңызына тоқтала келе ұрпақ санасына өшпес із қалдыратындай оқиға екендігін атап өтті. Сонымен қатар бұндай кездесу студенттердің бойында отансүйгіштік және жасампаздыққа тәрбиелейтіндігін жеткізді. Келесі сөз кезегін алған университет қонағы 104 жастағы Мәншүк Мәметованың майдандасы К.Б. Көшекбаев ақсақал жиналған студенттер қауымы мен профессор оқытушылар құрамы алдында М. Мәметованың өмірі мен майдандағы ерліктері жөнінде естеліктерімен бөлісті. М. Мәметованың туысы А.К. Мәметова өз сөзінде Мәншүктің балалық шағынан батыр атағына дейінгі өмір дерегін жеткізді.
Кешті қорытындылаған мейірбике іс оқу департаментінің директоры Г.А. Оразбакова қонақтарға алғысын білдіріп студенттерге тәуелсіз елдің патриоты болуға шақырды. Мәншүк Мәметованың құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Университет әкімшілігі тарапынан кеш қонақтарына естелік-сыйлықтар табыс етілді.