«Киберқауіпсіздік: түсінік, қорғану жолдары, маңызы» тақырыбына кураторлық сағат
С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2-курс студенттерімен «Киберқауіпсіздік: түсінік, қорғану жолдары, маңызы» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараға ТФП24-001, ТФП24-002, ТФП24-011, ТФП24-012, ТФП24-021 және ТФП24-022 топтарының студенттері қатысты.
Киберқауіпсіздік ұғымын түсіндіру, оның негізгі қағидаларын және қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді қорғау әдістерін қарастыру. Сонымен қатар, киберқауіпсіздіктің қоғам мен жеке тұлға үшін маңыздылығын түсіндіру, ақпараттық қауіптерден қорғанудың тиімді тәсілдерін үйрету.
Кураторлар киберқауіпсіздік қазіргі замандағы сандық өмірді қорғаудың негізгі екенін атап өтті. Ол техникалық құралдармен қатар, пайдаланушылардың саналы мінез-құлқын қамтитын кешенді тәсілді талап етеді. Сондай-ақ, киберқауіпсіздік үшін жауапкершілік әрбір адам мен ұйымдардың мойнында екенін айтты. Бұл саладағы бұзушылықтар қаржылық шығындарға, деректердің жоғалуына және беделдің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Студенттер тақырыпты талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті.
Кураторлар:
- Балпанова Д.Т.
- Сарова Н.Б.
- Абдурахманова Л.А.
Топтар: ТФП24-001, ТФП24-002, ТФП24-011, ТФП24-012, ТФП24-021, ТФП24-022 (2 курс).