Клиникалық қызмет бойынша проректор болып Досқалиев Айдос тағайындалды
ҚазҰМУ ректорының м.а. Н.К. Хамзина ұсынысы негізінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігігінің бұйрығымен ҚазҰМУ-дың Клиникалық қызмет бойынша проректор болып бөлімшенің нейрохирург дәрігері, PhD докторы 34 жасар Досқалиев Айдос Жақсылықұлы тағайындалды.
А.Ж. Досқалиев 1982 жылы Ақтөбе облысының Алға қ. дүниеге келген. Жоғары медициналық білімі бар, 2005 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ды бітірген. 2006 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық академиясында Алматы қ. № 7 ҚКЕ базасында нейротравматология, педиатрия және нейроонкология бөлімшелерінде интернатураны тамамдады.
2006-2010 жылдардағы Халықаралық «Болашақ» сыйлығының стипендиаты. 2006-2011 жылдар аралығы Жапониядағы Хиросима университеті емханасының нейрохирургия бөлімшесінде PhD бағдарламасы бойынша білім алды.
2011 жылдан Ұлттық нейрохирургия орталығының (Астана) орталық жүйке жүйесінің патологиясы бөлімшесінің нейрохируг дәрігері.
ҚазҰМУ баспасөз қызметі