«Коммуникативтік дағдылар кафедрасы» суицидтің алдын алу бойынша тренинг өткізді
2023 жылдың 12 сәуірінде «Коммуникативтік дағдылар кафедрасы» «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» студенттеріне суицидтің алдын алу бойынша тренинг өткізді. Психологиялық қолдау көрсету аясында оқытушы Қашағанова Күлжамал Түгелбаевна студенттерге өз-өзіне деген сенімділікті дамыту мен нығайтудың маңыздылығын, табысқа жетудің өзіндік критерийлерін, қиын жағдайларда және сәтсіздік жағдайында өзін ұстай білуді түсіндірді. Тренингте студенттермен интерактивті өзара әрекеттесу және сұрақтар қою мүмкіндігімен кері байланыс болды.