“Коронавирустық инфекцияның симптомдары, сонымен қатар коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер мен алдын алу шаралары” атты оқыту семинары
19.02. 2020 жылы №118 аудиторияда ректорат ғимаратында “Коронавирустық инфекцияның белгілері, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі алдын алу және іс-қимыл шаралары”тақырыбында доценттер мен лекторлар А. И. Анамбаева, Г. А. Бегимбетова, Л. Ж. Темірбаева, М. И. Кеңесаринаның ұйымдастыруымен оқыту семинары өткізілді. Семинар ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының жұқпалы аурулар эпидемиология және иммунопрофилактика бөлімінің басшысы Смагул Манар Асыровнаның қатысуымен өткізілді.
Соvid-19 жаңа коронавирустық инфекция кезінде медициналық көмек көрсету кезеңдерінде эпидемиология, диагностика және эпидемияға қарсы іс-шаралар алгоритмі мәселелері талқыланды. 19.02.20 ж. жаңа коронавирустық инфекциялар (Covid-19) бойынша әлемнің әртүрлі елдері бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай ұсынылды. Жаңа Covid-19 инфекциясына күдікті кездегі эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені: жаңа коронавирустық инфекция 2019-nCoV (Covid-19) анықталған кезде санитариялық-профилактикалық және санитарилық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша алгоритмдер. Науқастардың мәйіттерін тасымалдау және ашу алгоритмі және КВИ-ге күдікті.
Оқыту семинарға “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Мейірбике ісі”, “Жалпы медицина”мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты.