Көрнекті хирург Баймаханов Болатбек Бимендеұлы ҚазҰМУ студенттеріне кәсіби бағыт-бағдар берді
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде А.Н. Сызғанов атындағы «Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, көрнекті хирург Баймаханов Болатбек Бимендеұлының струденттермен мотивациялық кездесуі өтті. Болатбек Бимендеұлы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің түлегі, оны 1986 жылы бітірген.
Көрнекті дәрігер студенттерге өзін медицинаға әкелген жол және осы күрделі мамандықта ынта-жігерді қалай шыңдау керектігі туралы айтып берді. Ол жиналған студенттерге 43 жыл бұрын тура өздері сияқты дәл осы аудиторияда дәріс алғанын мақтанышпен айтты.
«Менде дәл сіздер сияқты осылай отырдым және таңдаған мамандығыма күмәным болды. Қазіргі таңда бұл менің ең дұрыс таңдауым болды деп санаймын. Әсіресе бірінші курста, үшінші курсқа дейін институттан кеткім келді. Химия, физика, математика, саяси экономия мамандықтары болды. Бұлардың ешқайсысы клиникамен байланысты емес. Клиникалық пәндер басталған кезде ған бұл менің мамандығым екенін түсіндім. Арманға жету үшін алдымен жақсы білім, содан кейін еңбекқорлық қажет. Мұның бәрі болашақты айқындайды», – деді ол.
Студенттер Болатбек Бимендеұлына көкейлеріндегі сұрақтарды қойды. Олар дәрігерден ұзақ жұмыс күндері өзін қалай жігерлендіретіні, табысты әрі танымал болудың қыр-сырын сұрады.
«Шынымды айтсам, мені бұл мамандықпен әкем таныстырған болатын. 18 жасыңда қандай кәсіби бағдар болуы мүмкін? Мен өзім қаржыгер болғым келді. Менің ойымша көп жағдайларда ата-ана дұрыс жолға қояды. Егер қазір мен тағы таңдаудың алдында тұрсам, дәл осы мамандықты таңдар едім. Хирургтың өзіне мықты денсаулық қажет. Біз әлемдегі ең күрделі операцияларды жасаймыз. Олар 12-16 сағатқа созылады. Көп уақытты аяқта тұрып еңсереміз. Бүгін біреуі, ертең екіншісі. Шаршамау үшін денсаулықты бақылау, салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану қажет. Белсенді болу қажет», – деп кеңес берді ол.
Маманның ойынша бала күннен еңбекке баулу өте маңызды.
«Қазір жастар бірден жоғары еңбекақы, жақсы пәтер алғысы келеді. Бірақ бұл бір мезетте болмайды, оған күш салу қажет. Үнемі өзіңді жетілдіру қажет. Бала кездеріңізден бастап ата-аналарыңыздың абыройы үшін сабақты жақсы оқуға дағдылану абзал. Жауапкершілік алу қажет. Мен бірінші курста бірден науқастармен жұмыс жасаймын деп ойладым, бірақ олай болмады. Сонда да мені жауапкершілік, мақтаныш сезімі шабыттандырды. Сондықтан бірден қорытынды жасауға ерте деп шештім. Сіздер бұл мамандықты әлі де жақсы көресіздер, өйткені ол – барлық мамандықтардың ішіндегі ең ұлы мамандық», – деп өз ойын алға тартты көрнекті хирург.
Б.Б. Баймаханов дәрігерлердің тапшылығы туралы мәселеге жеке тоқталып өтті.
Қазір неліктен дәрігерлер жетіспейді? Себебі ешкім ауылға барып, еңбек еткісі келмейді. Бізден сұраған емес, қайда дәрігер жетіспейді сонда жіберді және сол жерде үш жыл жұмыс істеуге міндетті болатынбыз. Сол кезде мен бір қарт дәрігермен таныстым, ол маған: «Сіз бұл саламен әрі қарай айналысуыңыз қажет. Сіз жоғары хирургиямен айналысуыңыз қажет» – деп жол сілтеді. Осылай маған мамандандыруға баруға мүмкіндік берді. Ол қазір дәрігерлер бірден бас дәрігерлер, директорлар, министрлер болғысы келеді. Ал барлығына жүйелі түрде нық қадаммен жету қажет. Яғни, әрі қарай білім алу, біліктілікті арттыру», – деді ол.
Сондай-ақ, Б.Б.Баймаханов әр еңбек ақталатынын атап өтті. Ол қазіргі заманғы мамандардың жаңа ғылыми ақпаратқа қол жетімділігі жоғары, ізденіп білімін жетілдіруге мүмкіндігі зор екенін атап өтті. Бұдан басқа, заманауи технологиялар әлеуметтік желілердегі ұсыныстар арқылы жақсы беделге тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Жақсы дәрігердің аты ел арасында тез таралады», – деді ол.