«Көшпенді шаруашылық – тарих ретроспективасында» атты дөңгелек үстел
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ
Сәуірдің 25 күні «Көшпенді шаруашылық – тарих ретроспективасында» атты дөңгелек үстел форматындағы онлайн-видео конференциясы болып өтті. Бұл конференция С.Ж. Асфендияров ат. Қазақ ұлттық медицина университетінің Қарағанды мемлекеттік медицина университеттерінің ұйымдастыруымен және ALMA University (МАБ) қатысуымен өтті. Бұл іс-шараның өтуіне университетіміздің тарапынан «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасы мен «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулі айрықша үлес қосты.
Конференцияның мақсаты: Тарихи өткелді ескере отырып, қазіргі қазақстандық қоғамның үйлесімді дамуы үшін көшпенді өркениеттің тарихи құндылықтарын Қазақстан тарихына ретроспективті көзқарас арқылы білу және түсіну.
Конференцияның міндеттері:
- тарихи сұрақтарға қатысты конференцияға қатысушылардың арасында пікір алмасуды ұйымдастыру;
- өз елінің өткені мен бүгінін, рухани-патриоттық және адамгершілік дамуын білу және түсіну;
- көшпелілер өркениетінің мәдени және тарихи мұрасын сақтауға қоғамның назарын аудару.
Алдымен ҚазҰМУ-нің ректоры м.ғ.д., профессор А.А. Аканов құттықтау сөзін айтып, осындай іс-шаралардың еліміздің дамуына қосар үлесі зор екенін атап өтті. Қарағанды мемлекеттік медицина университетінен: Оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор м.ғ.д., профессор В.И. Молотов-Лучанский сөз сөйледі.
Кейін конференцияның негізгі бөлімі басталды. Конференциямыздың баяндамашылары төменде келтірілген:
– №1 спикер Б.Ғ. Нұғман тарих ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, «Қазақ хандығының шаруашылығы мен мәдениеті»
– №2спикер Қ. Өскенбай тарих ғылымдарының кандидаты доцент,Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, «Казахское ханство в истори и историографии»
– №3 спикер М .Қ Қойгелдиев тарих ғылымдарының докторы профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ – нің әлеуметтік тарих кафедрасының меңгерушісі, «Қазақ хандығы және қазақ жеріндегі мемлекет құру дәстүрі»
– №4 спикер Н. Мұхамедханұлы тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, «Қазақ хандығы құрылуының тарихи негіздері»
– №5 спикер Қ.А. Темиргалиев философия ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, «Түркістан мен Ұлытау қазақ хандығының рухани астаналары».
– №6 спикер Г. Ж. Өтемісова, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алматы Менеджмент Университеті (МАБ) «Қазақ тіліндегі көнерген аталымдарды терминқор қалыптастырудың көзі ретінде тану және жаңғырту»
– № 7 спикер Д.А.Джумабеков, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент «Ежелгі дәуірдегі сақ және македон жауынгерлерінің қару-жарағының салыстырмалы тарихи реконструкциясы»
– №8 спикер М.А. Каликов «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы экономика» модулінің оқытушысы «Көшпенді шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық мәселелері»
Конференция барысында қызу пікір-талас болды. Баяндамашыларымыздан бөлек осы іс-шараға арнайы көптеген қонақтарымыз келді, атап айтсақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Асет Құранбек сондай-ақ түркі халықтарының мәдени қорының президенті профессор Ахмет ДағДұран келді.М .Қ Қойгелдиев пен Н. Мұхамедханұлы ағаларымыз өте өткір пікірлерін ортаға салды. Бұл Қазақ хандығының 550 жылдығы емес, тіпті бұл атауды бізге бергендерінде біз Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы деп атар едік деп атап өтті. Студенттер де қызыға ат салысып, мағыналы сұрақтар қойды. Студенттердің қойған сұрақтарына риза болған тарихшыларымыз жақсы көңіл-күйде отырды. Арасында кофе-брейкке үзіліс болды. Екінші бөлімінде қазақ тілінің де мәселесіне тоқталып, көнерген аталымдарды терминқор қалыптастырудың көзі ретінде тану және жаңғырту мәселелірі қарастырылды. Осылайша конференциямыз өз мақсатына жетті. Соңында кешті қорытындылап қазақтың қара домбырасымен ән айтылды.