«Лудомания – құмар ойындардың зияны» тақырыбында ашық сабақ өтті
13 ақпан күні ФӨТ 22-007, 22-019, 22-044 топтарда «Лудомания – құмар ойындардың зияны» тақырыбында химия кафедрасының доценттері Балпанова Д.Т., Сарова Н.Б. және лектор Абдурахманова Л.А. ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттерге құмар ойындары деген не, оған адам қалай тәуелді болады және оның зардабының қандай болатынын түсіндіре отырып, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар ойындарға тәуелділікті ресми түрде құмар ойындарға потологиялық әуестігі бар адамдардың дерті деп атаған, және , осыған «лудомания» деген арнайы медициналық термин енгізді. Аталған дертке ұшыраған адамның бойында әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтар құлдырап, адамгершілік қасиеттері жойыла бастайды. Бұл мәселе біздің елде де өткір екені белгілі. Қазір Қазақстанда шамамен 350 мың адам құмар ойынна тәуелді болғаны айтылуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ойын құмарлықтың қауіпті екенін ескере отырып, құмар ойындар мен компьютер ойындарына тәуелді адамдар нашақорлар мен маскүнемдер сияқты эмоционалды жандар екенін мойындады. Бұл індетпен күресуде ең маңыздысы оның елімізде дендеп кетуінің алдын алу жұмыстарын жүргізу екені анық. Олай болса адамдар, әсіресе жастардың құмар ойындарының зяны туралы толық және дұрыс ақпараттар алуы керек.
Соңғы кездегі әр түрлі ойындардың компьютердегі баламасы жасалды, ол ойындарды кез келген жерде, кез келген уақытта қол телефонмен-ақ ойнауға болады. Ал осы ойындардың бәрі де ойын казиносының компьютерлік нұсқалары болғандықтан адамдарды ойын құмарлыққа әкеледі. Студенттерге құмар ойындарына қарсы тақырыпта кураторлық сағат өткізу, олардың бойындағы адами құндылықтарды қорғаудің тамаша тәсілі болмақ.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/лудомания-құмар-ойындардың-зияны-та/