«Бұл сәт – Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің әрдайым басым бағыты өмір сүру мен білім алу үшін қолайлы жағдай жасау деген ұмтылысымыздың дәлелі. Біз студенттік орталық туралы айтқанда, біз тек жоғары білім деңгейін ғана емес, сондай-ақ әрбір студентке жан-жақты қамқорлықты да көздейміз. Жастар – біздің болашағымыз, медицинаның болашағы, біз сіздерді мақсаттарыңызға жету жолында қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. «Болмыс сананы анықтайды» дегендей, біз сіздердің жетістіктеріңіз академиялық білімдеріңізге ғана емес, өмір сүріп, дамып келе жатқан жағдайларға да байланысты екенін түсінеміз «, – деп атап өтті Марат Шоранов.
Жыл сайын жаңа жатақханаларға деген сұраныс та өзекті болып келеді. Университет басқа қаладан келген студенттерге тұрғын үй беру міндетін табысты орындап келеді. Жаңа жатақхана – жай ғана ғимарат емес. Мұнда әрбір студент өзін үйдегідей сезінетін болады.
Айта кету керек, бұл жаңа Студенттер үйі – ҚазҰМУ-ның қолайлы жағдай жасау саласындағы жалғыз жобасы емес. Биылғы оқу жылында біз BI Group жетекші құрылыс компаниясымен бірге салынатын студенттік қалашық аумағында тағы бір жаңа жатақхана құрылысын бастаймыз. Бұдан басқа, өткен жылдан бастап барлық студенттер жоғары деңгейде жайлы сезінуі үшін ескі жатақханаларды, бас кампусты кезең-кезеңмен қайта жаңарту басталды. Жаңа жатақхананың құрылысы университеттің 95 жылдығы қарсаңында оның одан әрі дамуындағы маңызды кезеңге айналады.
«Білім мен кәсібилікке деген жолдарыңыз табысты болсын, ал біздің қолдауымыз сіздер үшін сенімді іргетас болсын. Бұл жаңа қабырғалар сіздердің көптеген жетістіктеріңіз бен шығармашылық идеяларыңыздың куәсі болатынына сенімдіміз «, – деді ҚазҰМУ ректоры.