Медицинадағы волонтерлік жайылы мастер-класс өтті
17 ақпанда сағат 13.00-де ZOOM платформасында медициналық волонтерлік бойынша мастер-класс өтті. Онлайн кездесу университетіміздің 1 курс студенттерінің өтініші бойынша, Қазақстан тарихы және ӘГД кафедрасының, Жастар саясаты басқармасының және Жалпы медицина мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді.
«Еріктілік-бұл ақыл-ой жағдайы. Оның түп тамыры әр қайсымыздың жүрегімізде жатыр». Бұл әдемі шынайы сөздер керемет мейірімді, жарқын және позитивті Бағдат Анарбаеваға тиесілі. Жастығына қарамастан, Бағдат ҚР-дағы ҚФ «Қазақстан Еріктілер лигасы» атты үздік жастар ұйымдарының лидері болып табылады, Алматы филиалының төрағасы, жедел еріктілер штабының жетекшісі, «Халық алғысы» Мемлекеттік сыйлығының иегері болып табылады».
Бағдат Анарбаева пандемия жағдайындағы медициналық еріктілік туралы айтып, университетіміздің жоғары курс студенттері қанша жұмыс істегенін, сондай – ақ волонтерлер штабының жұмысы кезінде қандай қиындықтар болғанын, ҚР-дағы волонтерлік тарихы мен еліміздегі волонтерлік қызметтің бағыттары туралы қызықты ақпараттар берді.
Іс-шараға қатысқан Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Нағайбаева Зәуреш Арстамбекқызының айтуынша волонтерлердің бүгінде қанша игі іс атқарғаны таң қаларлық жағдай. «Жақсылық жасай отырып, біз бұл әлемді жақсыға қарай өзгертеміз», – деп айта өтті.
Мастер-класстан кейін әр елді мекендегі бірінші курс студенттеріміз біздің әлемді сәл мейірімді ету үшін өз ауылында, қаласында қалай және не істейтіндері туралы жазды.
Еріктілер лигасының құрамы (Бағдат Анарбаева, Нұржан Жасұзақов, Диана Малаева) біздің студентеріміздің өтініші бойынша ай сайын осындай ақпараттық кездесулер өткізуге және біздің студентеріміздің Қазақстанның түрлі қалаларында игі істерге тартуға келіскендеріне қуаныштымыз.
Еріктілер лигасының Алматылық филиалының байланыс телефоны: +77074580570