Медициналық борыш туралы медитация
Қазіргі заманда өмір сүріп жатқан жастарымыз қандай әдемі! Бойлары ұзын, иықтары кең жайылған, ешкімге тәуелсіз жүрістері бар, керісінше қыздарымыздың көздері еш уайым, қайғысыз жарқырап тұратындығы–қорыта келе, біздің ер жеткен балаларымыз шындығында өте жақсы көрінеді.
Мен жаз және күз алдындағы уақытта бірінші курсқа түсіп, қуаныштары қойнына симай жүрген талапкерлер топтарын құттықтай отырып және университетті жаңадан бітіруші жас мамандарға әр жолы ақ жол тілейтін әдетім бар. Мен оларға сеніммен, үмітпен … екінші жағынан қорқынышпен қараймын. Осы ақылды, тәрбиесі жоғары жастардың С.Ж. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінің табалдырығынан аяқтарын нық басып жаңа өмірге шығып кетіп бара жатқандарына сенімім зор. Мен біздің жастарымыздың медициналық мамандықтың салттық дәстүрлерін әрі қарай жалғастыратынына сенемін. Бірақ – жасырудың қажеті жоқ! Соған байланысты, әрдайым жас мамандарымызға күдіктенетінімді білдіремін: себебі олар алаңдаушылығымды жақсы түсінеді ме, олар қандай жолмен жүретіндігі әр жолы ойымда тұрады.Парсы елінің атақты дәрігері, ғалым, философ және ақын Абу Али аль-Хусейн бин Абдалла ибн Сина (латынша атауы – Авиценна) былай деп жазды:
Қара мен аспан денелерінің күлінен
Ең дана сөздер мен істер құпиясын аштым.
Алдаудан аулақ болдым, барлық түйіндерді анықтадым,
Мен тек қана өлім түйінін шеше алмадым.
Медицина мамандығына келетін болсақ, Авиценнаның келешек дәрігерлерге қоятын қатаң талаптарының ішінде бүкіл дүние жүзі дәрігерлеріне жақсы белгілі, төмендегі пікірлері мазмұн тереңдігімен де, шешендік көркемдігімен де сүйсіндіреді: «Дәрігерде қыран бүркіттің көзі, жас қыздың жұмсақ қолы, жыланның арбаушы данышпандығы, арыстанның айбарлы жүрегі болуы керек»- деді ол.Ешкімге атағы жайыла қоймаған жас маман 16 жастағы Ибн Синаны нашақорлықпен ауыратын Бухараның әмірі Әмір Нух бен Мансурға шақырылды. Бухара әмірін сәтті сауықтырған кезде, ол: «Өзіңіз қалаған нәрсеңізден сұраңыз, бәрі орындалады», – деді. Оның кез-келген байлыққа ие болатынын білдірді. Бірақ байлықтың орнына Ибн Сина әмірдің атақты кітапханасына барып, күнделікті шұғылдануына рұқсат сұрады.Ибн Синаның білгірлік атағы немересінің ем қонбайтын ауруға шалдыққан Джордана Кабустың билеушісіне де жеткен болатын. Билеуші жас ғалымды сарайға шақыртқызып, науқас немересін емдеуге жарлық берді. Аңызға сәйкес, Кабулдың немересі сүйіспеншілікке толы махаббаттық меланхолияға ұшырап, ас қабылдаудан бас тартып және ұйқысының жоғалуына байланысты денсаулығы нашарлап, әлсізденген болатын.
Ол қайғылы себептері туралы ешкімге айтпады, өйткені ол жақсы көрген қыз қарапайым қолөнершінің қызы еді, ешқандай дәрігер аурудың нақты себебін анықтай алмағандықтан, оған ешқандай ем қонбаған болатын.Ибн Сина, науқасты қарап шыққаннан кейін, оның ағзаларында ешқандай өзгеріс байқалмағанын, бірақ жағдайы өте қиын болғанымен, жас жігіттің махаббаттық меланхолияға ұшырағандығына болжам жасады. Соған байланысты Ибн Сина қаланың барлық көшелерін және үйлерін білетін адамды жеткізуді сұрады. Шақырылған білікті ақсақал бірнеше көшелердің ішінде, бір көшенің атын атаған кезде, ғалым науқастың жүрек соғуының жиілеп кеткенін аңғарды. Соған байланысты Ибн Сина ақсақалдан осы көшедегі үй иелерін санап шығуын сұрады. Бір көшенің атаған кезде науқастың жүрек соғуы бұрынғыдан да жиіленіп, тынышсыздық білдіре бастағаны байқалды. Үйдің иесінің қызының атын естіген кезде, науқас есінен танып қалған болатын. Ибн Сина билеушіге немересінің осы қызға некеге тұруын ұсынды. Соған байланысты билеушінің немересінің аурудан жазылып кеткені белгілі болды.
Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 – 1836) сөздері қаламбур сияқты естілгенімен, мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі».
Дәрігердің өмірі – бұл ешқандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті- өмір бойы қоғам үшін оқу» – деген болатын, беделді клиницист А.А.Остроумов..
Атақты жазушы, мамандығы бойынша дәрігер А.П.Чехов: «Дәрігердің мамандығы – бұл ерлік, ол өзіне құрбан болуды, ойдың, ниеттің адал болуын қажет етеді. Дәрігер ой санасы анық, пиғылы, мінез-құлқы таза, адал және мұнтаздай болу керек», – деген болатын.
Атақты қолбасшы Суворов: «Оқу өте қиын, бірақ күресу оңай» -деген болатын. Бірақ бұл мақал келешек дәрігерді тыныштандырмауы қажет, себебі күресті медицинамен салыстыруға болмайды. Медициналық білім алу қиын, аурумен «шайқас» одан да қиын екендігін жас маман дәрігерлер еш уақытта ұмытпауға тиіс
Өткен ғасырда венгрлік-акушер Земмельвейс студенттерге қойылатын талаптарды біршама жеңілдетуге бола ма, жоқ па деген сұраққа: «Еш уақытта да. Нашар заңгермен клиент ақшаны немесе еркіндікті жоғалту қаупі бар. Егер дәрігердің білімі нашар болса, онда науқас өмірін жоғалтады»,- деп жауан берген болатын.Ерте замандағы атақты дәрігерлердің бірі–сириялық Абдуль Фараджа дәрігер туралы: «Қара, біз үшеуміз-мен, сен және ауру. Сондықтан, егер сен мен жақта болсаң, біз екеуміз аурудың жалғыз өзін оңай жеңе аламыз. Ал, егер сен сол жаққа ауып кетсең, менің жалғыз өзімнің екеуіңді жеңуге шашам келмейді» деген еді.
Мамандық дәрежесінің жоғары болуына байланысты, дәрігер әр уақытта өзінің қимыл, әрекетіне сенімділігін күшейтетіндігін сезеді. Сол туралы төменде көрсетілгендей мысалды келтіруге болады: Германия мемлекетінің атағы дүние жүзіне жайылған канцлері Бисмарк ауыр дәрежелік жүрек ауруымен ауыратындықтан, бірнеше ондаған дәрігерлер оның құдыреттілігінен жасқаншақтап, ауруға ешқандай ем таппаған болатын.
Келесі жолы дәрігер –эскулап Швеннингер оны қарап, тексеруге келгенде, «не» және «қалай» деген сұрақтар бере бастағанда, Бисмарк
қатты ашуланып: «Менің ақылсыз сұрақтарға жауап беруіме уақыт жоқ, шығып, кет»,- деп есікті көрсетеді. -Сізді, онда ветеринар емдесін, -.деп, Швеннингер асықпай, сенімділікпен жауап береді. Мұндай жауапты тәкаппар күтпеген болатын. Сол уақыттан бастап жиырма жыл бойы Швеннингер канцлердің сеніміне еніп, оның емдеуші дәрігері болды.Соған байланысты, Бисмарк: «Бұрынғы дәрігерлерді мен емдеген едім, Швеннингер мені емдеді» деген болатын.Дәрігердің–науқастың қандай да болмасын лауазымына: ол президент немесе жәй ғана жұмысшы, кәрі немесе жас, сәнді және қымбат немесе ескірген, алба-жұлба киіміне қарамастан барлығына бірдей қарап, ем жүргізуі оның абыройын көтере түседі. Мейірімді және дұрыс болуға қабілеттілігі-оның кәсіби қадыр-қасиетінің жоғары екендігін дәлелдейді.Сол туралы профессор С.Р.Миротворцев өзінің естеліктерінде жазады: «Мен Берлин қаласында білімімді жетілдіру кезінде төменде көрсетілгендей факторға куәгер болдым. Лозанна қаласының хирургі Ру, бірнеше жыл Кохердің ассистенті болған екен. Өкінішке орай соңғы жылдары олардың медицинаға деген көз қарастары әртүрлі болғандықтан Ру Лозанна қаласында кафедра меңреушісі болып, қызметін әрі қарай жалғастырады. Ол, оған қатысты, Кочердің әділетсіз болғанына және оның қалай болғанын білетініндігіне реніш білдіреді. Бірақ көп ұзамай Руда асқазанның қатерлі ісігінің белгілері пайда болады. Барлық тексерістерден өткеннен кейін, ол аға көмекшісіне келесі күні таңертең асқазанды алып тастау операциясын жасауға дайындалуды, бірақ ол туралы ешкімнің білмеуінің қажет екендігін бұйырды. Бірақ Рудың аға көмекшісі түн ішінде Берн қаласына барып Кохерге жағдайды түсіндіреді.Кохер : «Науқасқа операцияны мен жасаймын, ол туралы ешкім білмесін» -деп, ескерту жасайды. Ол туралы Ру екі аптадан кейін хабардар болады.Е.А.Вагнер -«Медициналық міндет туралы медитация» кітабында: Мен өмір бойы есте қалатындай оқиғаның куәгері болдым. Операция жасалынғаненан кейін бір ай өткен соң Кохер дәріс оқып жатқан аудиторияға кіріп: «Аса қымбаты тәлімгерім, мен жаңылысқан екенмін. Өткен жылдардағы келіспеушілікке кешірім сұраймын, менің Сіздің оқушыңыз ретінде алғысымды қабыл алыңыз» -деп, Кохердің алақанын сүйгенін көрдім. Осы уақытта аудиторияда дәріс тыңдап отырғандар екі атақты ғалым-хирургтардың бір-бірімен жарасқанына ду қол шапалақтап құрмет көрсеткендігін,- жазады. С. Р. Миротворцев 1942 жылы наурыз айының 15 күні жас хирургтардың алдында дәріс оқуы кезінде, науқастарды сүю туралы: «Науқасқа деген сүйіспеншілік, – деп түсіндірді ол, – бұл өзіңді, уақытыңды, демалуыңды, тілектеріңді, көңіл көтерулеріңді құрбан ету дегенді білдіреді. Сізге өзіңіздің жүрегіңізді беруіңіз керек және науқасқа өзіңіздің туысқаныңыз сияқты емдеу керек. Хирургия – бұл қызмет емес, ар-намыс, қуаныш, шабыт, хирургия – адамдарға бақыт, әкелер мен аналарға сүйіспеншілік әкелетін мамандық»,- деген болатын.Келесі есте қаларлық жағдай: Жауынгерлер Н.И.Пироговтың хирургтық дәрежесін өте жоғары бағалап, керемет операция жасай алады,-деп санайтын. Бір жолы таңғыш бөлмесіне басы жұлынып кеткен жауынгерді жеткізеді. Есік алдында тұрған дәрігер, қолдарын сермеп, тасымалдаушы жауынгерлерге айқайлайды: «Қайда апара жатырсыңдар? Көрмей тұрсыңдарма, оның басы жоқ қой?». «Ештеңе етпейді, құрметтім, оның басын артымызда әкеле жатыр.
Пирогов мырза басты бірдеңе қылып біріктіруі мүмкін, бәлкім, біздің бауырлас солдатымыздың әлі де пайдасы тиер…»,-деп жауап береді.Бұл дәрігердің, әсіресе хирург Н.И.Пироговтың лауазымының биік екендігін дәлелдейді емес пе? Француз дәрігерлерінің медициналық этиканың мәселелеріне арналған съезінде белгілі жазушы және тарихшы Андре Маруа сөйлеген сөзінде айтқан болатын: «Ертең, бүгінгі күн сияқты науқастар болады. Ертең, бүгінгі күн сияқты білікті дәрігерлер қажет. Бүгінгі күні дәрігер өзінің науқасқа ауадай қажет қорқынышты қызметін сақтап қалып, сонымен қатар өзінің жауапкершілігін арттыра түседі. Медицина ғылымы неғұрлым дәлірек, тіпті одан да көп жабдықталатын болады, бірақ онымен бірге классикалық түрдегі дәрігер медицинадағы орнын сақтайды – ол науқас адаммен жақын қарым-қатынаста қалады. Ертең, бүгінгідей, медициналық киімдегі дәрігер зардап шеккен адам, кім болса да – дос немесе қарсылас, оң немесе кінәлі болған күнде де оның өмірін құтқарады. Дәрігердің өмірі бүгінгі күнге дейін сақталып қалады – күрделі, алаңдатарлық, қаһармандық және жауапкершілігі күрделі болса да». Менің ойымша дәрігер туралы бұл мәлімдеме бүгінгі күні маңызды екені баршамызға белгілі болса керек.
«2 Хирургия» кафедрасының
доценті А. Қаныбеков