«Медициналық білім беруді, ғылым мен практикалық денсаулық сақтауды интеграциялау» Ғылыми-тәжірибелік конференция
«Университет Күндері – 2018» аясындағы
«Медициналық білім беруді, ғылым мен практикалық денсаулық сақтауды интеграциялау»
Ғылыми-тәжірибелік конференциясының
ҚАРАРЫ
БІЗ, ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын толық қолдап, оның «Адами капиталы – жаңғырту негізі» жетінші бағытына сүйене отырып, озық білім беру жүйесін құруды жеделдету және білім беруді өзінің инвестициялық жобаларымен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарау;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында көрсетілгендей оқу орындарымен медициналық қызметтерді дайындаудың сапа аумағындағы ережелерін жоғары бағалай отырып;
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын ескере отырып, «Жаңа экономикалық капитал» 1 Стратегиялық Реформаның Міндеттер және Бастамалар бөлімінде, XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілген машықтары бар адами капиталды дамыту мәнісі болып анықталған;
Денсаулық сақтау, білім және ғылым Министрліктерінің денсаулық қорғау жүйесін, медициналық білім беру және ғылымды дамыту бойынша қажетті шараларға қолдау көрсетуге ынталандыруды білдіре отырып;
Университет және бес жетекші республикалық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың біріктірілуімен шартталған, білім, ғылым және клиниканың үшбірлігін нығайту аумағында артып жатқан мүмкіндіктерді ескере отырып;
«Университет Күндері – 2018» аясындағы конференция жұмысына және басқа шараларды ұйымдастыруға қосқан өте бағалы үлестеріне алыс және жақын шетелден келген әріптестерге ризашылық білдіре отырып
Университет Басшылығына ҰСЫНАМЫЗ:
– автономиялық қағидаларын, академиялық еркіндікті және өзінің дәрежесіндегі тиімді клиентке-бағдарланған академиялық біріктірілген денсаулық сақтау жүйесін құруға ашылған басқа да мүмкіндіктерді толық мөлшерде қолдану;
– білім, ғылым және басқа да жүйелердің сапасын үнемі жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;
– білім, ғылым және тәжірибе, сонымен бірге интернационалдандырудың басқа да аспектілері бойынша халықаралық ынтымақтастық сұрақтарына әрдайым көңіл бөлу;
– бұлжымайтын экокномикалық даму және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша атқарымдық және құрылымдық сипаттағы шараларды қабылдау;
– осы конференция аясында өткен дөңгелек үстелмен факультеттік оқулар қатысушыларымен шығарылған ұсыныстарды алдағы уақытта қолдану мақсатымен оқып білу
Алыс және жақын шетелден келген әріптестерді Университетпен бірге академиялық ұтқырлық, ғылыми ынтымақтастық және т.б. бағыттарда өзара тиімді ынтымақтастықты реттеу жолдарын анықтауға ШАҚЫРАМЫЗ.