«Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы Республикалық терминологиялық конференция.
Нұр – Сұлтан қаласында 2019 жылғы 1 қарашада ҚР ДСМ және «Астана медицина университетінің» ұйымдастыруымен «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбындағы Республикалық терминологиялық конференция өтті.
Конференцияға ҚР ДСМ жанындағы салалық терминологиялық комиссияның мүшелері, лингвист-ғалымдар, Алматы, Ақтөбе, Семей, Шымкент және Қарағанды медициналық ЖОО-ың оқытушы-профессорлар құрамы, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мамандары, аудармашылар, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының, «Руханият» КММ, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері қатысты.
Салалық терминдердің қалыптастыру жолында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен сала мамандары қазіргі кезеңдегі медициналық терминдерді біріздендіру мәселесін шешу жолындағы өз пікірлерін және ұсыныстарын ортаға салды.
Атап айтқанда, олар:
Ахметов Жауғашты Байназарұлы – ҚР ДСМ Комиссия төрағасының орынбасары, С. Ж. Асфендияров атындағы ҰМУ-нің патологиялық анатомия кафедрасының профессоры.
Баяндама тақырыбы: Медициналық оқулықтарда ең жиі кездесетін терминологиялық және грамматикалық қателер.
Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының жауапты хатшысы, ҚР ДСМ Әкімшілік департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бас сарапшысы.
Баяндама тақырыбы: Салалық терминологиялық комиссия жұмысы туралы талдамалық ақпарат .
Қышқашбаев Тілеуғали Әшірбекұлы – Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы .
Еңсебай Ержан Серікболұлы – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ басшысы.
Баяндама тақырыбы: Мемлекеттік тіл – қоғамның барлық саласында.
Ахметов Мұхамбедия – ҚР үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясының мүшесі, м.ғ.к. профессор.
Түсіпқалиев Балаш Түсіпқалиұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті балалар аурулары кафедрасының профессоры.
Баяндама тақырыбы: Мемлекеттік тілде жоғары медициналық білім берудің қол жеткізген жетістіктері мен бүгінгі мәселелері.
Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҰМУ-нің қалыпты анатомия кафедрасының доценті.
Баяндама тақырыбы: Медициналық терминологияның шешімін таппаған кейбір мәселелері.
Дәрменов Ерғали Нұрмахамбетұлы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Қарағанды мемлекеттік Университеті №1 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры.
Баяндама тақырыбы: Медициналық жоғары оқу орындарында кәсіби деңгейде қазақ тілінің оқытылу жайы.
Рахыжанова Сауле Орынгазықызы – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Семей медицина университеті қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, доцент.
Баяндама тақырыбы: Медицина саласындағы тілдің мәселесі.
Шоманова Ләззат Әсетқызы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Медициналық көмек сапасын мониторингілеу департаментінің директоры.
Баяндама тақырыбы : SNOMED CT клиникалық терминологиясы .
Бегларова Гүлшахар Еркінқызы – «Астана медицина университетінің» патофизиология кафедрасының доценті.
Баяндама тақырыбы : Медицинадағы мемлекеттік тіл саясаты.
Қайрбаева Құралай Төлеуханқызы – «Астана медицина университетінің» физиологиялыөқ пәндер кафедрасының доценті, ф.ғ.к.
Баяндама тақырыбы : «Бауыр» концептісінің танымдық сипаты.
Сабитбекова Майраш Мұратқызы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, аға-оқытушы, қазақ тілі мен әдебиеті магистрі.
Баяндама тақырыбы: Орыс аудиториясының студенттеріне қазақ тілін үйрету барысында оқытудың белсенді әдістерінің элементтерін қолданудың тиімділігі.
ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясы 2009 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде бес терминологиялық конференция өткізілу керек болатын. Төртеуі Семей, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларында өткізілді, ал жоспар бойынша соңғысы Астана медицина университетінде өткізілді. Сонымен, 2016-2019 жылдар аралығында комиссия ортақ 178 медициналық термин, 4272 фармацевтикалық, 120 педиатриялық термин қарастырды. Әрбір қаралған терминге хаттамалық шешім шығарылады және отырыстардың қорытындысы termincom.kz және «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінде, ҚР ДСМ интернет-ресурсында арнайы ашылған «Медициналық терминология» бөлімінде жарияланады.
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/медициналық-білім-беру-мемлекетті/