«Медициналық терминология мәселесі» атты семинар
2024 жылдың 24 мамырында «Медициналық терминология мәселесі» атты семинар өткізілді. Университетіміздің базалық және клиникалық кафедраларынан қатысқан тіл жанашырлары өте жоғары қызығушылық танытты. Семинарды өткізген Республикалық терминология комиссиясының мүшесі гистолгия кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Ерғазина Марал Жүнісбекқызы жалпы терминология мәселесінің Республика деңгейіндегі жағдайы туралы айтты. Нормативтік құжаттармен таныстырды. Сонымен қатар терминологияның олқы тұстарына тоқтала отырып, оның себебін ашты. Бұл семинарға терминологиялық комиссияның төрағасы профессор Ж.Б.Ахметов, орынбасары анатомия кафедрасының лекторы Шәкенов Б.Ш, Искакова Л.Ә., Искиндирова А., тілдер кафедрасының доценті Зайсанбаев Т.Қ., патологиялық анатомия кафедрасының доценті Серікбай М.Қ., тағамтану кафедрасының доценті Чуенбекова А.Б., қалыпты физиология кафедрасының лекторы Жүністай Д.Д. өз пікірлерін қосып кейбір сұрақтарға тоқталды. Маңызды сұрақтарды көтерді. Медициналық терминология мәселесі өте өзекті екеніне тағы бір көзіміз жетті. Клиникалық кафедралардан келген әріптестеріміз кейбір клиникалық терминдерді талдап, қызу пікірталас туындатты. Кафедралар өзара бірігіп мәселелерді шешетін болып келістік. Сонымен қатар терапия саласының терминдеріне аса көп назар аударылды.