медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған Университетішілік гранттар конкурсына (УГК) қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғандығы туралы ХАБАРЛАМА
ХАБАРЛАМА
Құрметті университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы!
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ медицина және денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған Университетішілік гранттар конкурсына (УГК) қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғандығы туралы хабарлайды.
Университеттің Университетішілік гранттар 3 (үш) жыл мерзімге беріледі. УГК шеңберіндегі 1 (бір) жобаның ең жоғары сомасы 20 млн. теңгеге дейін құрайды. Конкурсқа Университеттің кафедраларының, мектептерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және Университеттің магистратура, докторантура және постдокторантура бағдарламалары бойынша білім алушылары қатыса алады.
Өтінімдер конкурстық құжаттамаға сәйкес ресімделеді.
Өтінімдер қағаз түрінде беріледі (өтінім тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен тігіледі, бекітіледі және жоба басшысының қолымен, мектептердің мөрімен куәландырылады және бір конвертке мөрленеді) және екі данада электрондық (флэшка) тасығышта келесі мекенжайы бойынша тапсырылады:
Эндауменд қордың ғимараты, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Бөгенбай батыр 151 көшесі.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы 2024 жылғы 11 желтоқсаннан бастап соңғы мерзімі 2025 жылғы 06 қаңтар (қоса алғанда).
Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.
Өтінішті ресімдеу және беру бойынша анықтама телефондары: 3387090, ішкі. 7110
Заявка на конкурс каз___1733826097.6740546 Заявка ВВГ 2024 г___1733826097.6740367