Медицина студенттеріне арналған халықаралық пәндік олимпиада «Салауатты тамақтану – сау ұлттың негізі»
Құрметті студенттер мен әріптестер!
Сіздерді ҚР мен ТМД елдерінің, басқа да шетелдік ЖОО медициналық университет студенттері арасында «Денсаулық күні», Тұрақты даму мақсаттарының №3 және Ғылым күніне орай, «Салауатты тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Олимпиада мақсаты: Студенттерде халық денсаулығын нығайтуға маңызды үлесін қосатын салауатты және теңгерімді тамақтану қағидаттары бойынша білім мен тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.
Олимпиадаға қатысуға барлық бакалавриат деңгейіндегі 1 – 5 курстар қатыса алады
БІЗ САЛАУАТТЫ ТАМАҚТАНУ ЖӘНЕ НУТРИЦИОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМДЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН КӨРСЕТКІСІ КЕЛЕТІН БАРЛЫҚ ДАРЫНДЫ СТУДЕНТТЕРДІ ШАҚЫРАМЫЗ!
Олимпиада ұйымдастырушы: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасы
Оргкомитет: Арайлым Кайратовна: +7-707-203-7823, Айгуль Нагашбековна:+7-777-234-6778


