«МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ САЛАДАҒЫ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ» атты кеңейтілген дөңгелек үстел
2022 жылдың 23-ші желтоқсанында Қарағанды медицина университеті Коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен онлайн форматта «МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ САЛАДАҒЫ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІ» атты кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді.
Конференцияны өткізу негіздемесі: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 885 бұйрығының Іс-шаралар жоспары және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1-1429 хаты.
Конференцияға ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшелері, Ақтөбе, Семей, Шымкент және Қарағанды медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, және тілші ғалымдар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы, филология ғылымдарының кандидаты, «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының тілдерді дамыту орталығының басшысы Марина Әбілжанқызы Маретбаева алғы сөзді «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамынының стратегиялық даму және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Виктор Петрович Риклефске және кіріспе сөз сөйлеу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы Батырбек Сұлтанұлы Әбділдин мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрілігінің Әкімшілік департаменті мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангороваға ұсынды. Б. С. Әбділдин мен А.Ә.Алдангорова еліміздегі медицина саласындағы терминология мәселелеріне байланысты істелінген жұмыстарға баға беріп, атқарылатын жұмыстарға тоқталды және алдағы міндеттерді белгіледі.
Дөңгелек үстел барысында төмендегідей тақырыптар баяндалды:
1. Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы. – ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің анатомия кафедрасының лекторы.
Искиндирова Айман Мансұрқызы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –нің терминологиялық комиссиясының мүшесі, м.ғ.к., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің анатомия кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Тамырлар мен нервтердің атауларын олардың анатомиясымен сәйкестендіре отырып біріздендіру жолдары». |
2. Ахметов Жауғашты Байназарұлы – ҚР ДСМ Комиссия төрағасының орынбасары, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің патологиялық анатомия кафедрасының профессоры. Балапанова Анар Қайыржанқызы – м.ғ.к., доцент, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ – нің патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі. Ысқақова Лунара Әлібекқызы – С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ –нің терминологиялық комиссиясының мүшесі, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ анатомия кафедрасының лекторы 3. Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы – ф.ғ.к., С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің тілдік пәндер кафедрасының доценті.
Баяндама тақырыбы: «Қазақша сөз саптау – ғылым тілінің негізі»,
4. Ерғазина Марал Жүнісбекқызы – м.ғ.к., доцент, С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің гистология кафедрасының меңгерушісі Чуенбекова Ардақ Байбараққызы – м.ғ.к.,С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің тағамтану кафедрасының доценті. Қожахметова Айгүл Нағашыбекқызы – м.ғ.к.,С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің тағамтану кафедрасының доценті. |
Баяндама тақырыбы: «Медицина саласындағы мемлекеттік тіл мәселесінің қазіргі жағдайы».
5.Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызы – п.ғ.к., Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының доценті. Баяндама тақырыбы: «Қазақ тіліндегі медициналық терминдердің өзектілігі»
6. Керімбеков Төлеген Икрамұлы – Қарағанды медицина университеті, хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті Баяндама тақырыбы: «Медициналық жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілдің кәсіби деңгейде оқытылуы».
Пікірталқы барысында, ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедра меңгерушісі, профессор Сағындықова Баян Ахметқызы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті терминологиялық комиссиясының мүшес,і қалыпты физиология кафедрасының лекторы Жүністаев Диас Дүкенбайұлы, ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының мүшесі, Семей медицина университеті қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, доцент, Рахыжанова Сауле Орынгазықызы медицина саласындағы қызметкерлердің мемлекеттік тілде коммуникативті біліктілігін қалыптастырату факторларына;практикада кездесетін терминдік қателіктерге, сөйлеу мәдениетіне және терминдік жүйені біріздендіру мәселелеріне тоқталып, ұсыныстар жасады. Қазіргі кезендегі негізгі мақсат, салалық терминдерді қалыптастыру және біріздендіру жолында еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және де басқа медициналық ұйымдардың арасындағы байланысты тұрақты түрде жолға қою. Себебі, конференциялар өтеді, шешімдер қабылданады, бірақ олар орындалмайды. Сондықтан белгілі бір терминдер тізбесі (мысалы, ішек бөліктерінің атаулары) жасалып, медициналық ұйымдарға таратылуы қажет. Олардың осы терминдер тізбесі жөніндегі пікірлері жинастырылып, електен өткізіліп, шешім қабылданады. Содан кейін ғана барып іріктелген терминдер Үкіметтің терминологиялық комиссиясына ұсынылуы керек. Әрбір медициналық мекемеде, осы аталған жұмыстарды техникалық жағынан орындайтын, арнайы штат бойынша бөлінген бір қызметкер болуы қажет. Осындай қызықты пікір алмасулар, ұсыныстар негізінде конференция жұмысы қорытындыланып, шешім қабылданды.
|
«Медицина қызметкерлерінің кәсіби саладағы сөйлеу мәдениеті» атты республикалық терминологиялық отырыстың № 10 хаттамалық шешімі
Астана қ. 2022 жылғы 23 желтоқсан
Комиссия отырысына Б. Әбділдин төрағалық етті Қатысқандар: В. П. Риклефс, А. Ә. Алдангорова, А.Ш. Тілесова, Ж.Б. Ахметов, Б.Ш. Шакенов, М. Ж. Ерғазина, Б.Т. Түсіпқалиев, М.М. Сабитбекова, Б.А. Сағындықова, Е.Қ. Сәлім, С.О. Рахыжанова, Е.Н. Дәрменов, М. Ә. Маретбаева, Ф.М. Сүлейменова, С. С. Ибраева, Г.Е. Бегларова. А. Х. Балапанова, Л. А. Искакова, Т. Қ.Зайсанбаев, А. Б. Чуенбекова, А. Н. Қожахметова, М. Д. Жорокпаева, Т. И. Керимбеков және 57 қатысушы Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ. Модератор: Марина Әбілжанқызы Маретбаева, ф. ғ. к., «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ тілдерді дамыту орталығының басшысы, терминологиялық комиссия мүшесі. Дөңгелек үстелді өткізу негіздемесі: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 885 бұйрығының Іс-шаралар жоспары және «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ 2022 жылғы 29 қарашадағы № 1-1429 хаты. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен міндеті: – медицина саласындағы қызметкерлердің мемлекеттік тілде коммуникативті біліктілігін қалыптастыратын факторларға шолу жасау; қатысымның негізгі тетіктері болып саналатын психолингвистикалық, прагматикалық, қолданбалы-тәжірибелік тілдік бағыттардың шарттарын саралау, дамытушылық аспектілерін айқындау; сөздік қор, сөйлеу мәдениеті; терминдік жүйені біріздендіру, жаңа терминдердің қолданыс аясы, теориялық-практикалық мәні; – сөйлеушінің коммуникативтік қабілет-потенциалы, шеберлігі. Күн тәртібі: «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ проректоры Виктор Петрович Риклефстің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангорованың алғысөздері. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары: «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ: Б. Ш.Шакенов «Тамырлар мен нервтердің атауларын олардың анатомиясымен сәйкестендіре отырып біріздендіру жолдары»; Ж. Б. Ахметов «Дәрігерлердің өлген кісінің жақындарымен сөйлесу мәдениетінің үлгілері»; Т. Қ. Зайсанбаев «Қазақша сөз саптау – ғылым тілінің негізі»; М. Ж. Ерғазина «Медицина саласындағы мемлекеттік тіл мәселесінің қазіргі жағдайы» «Семей медицина университеті» КеАҚ: М. Д. Жорокпаева «Қазақ тіліндегі медициналық терминдердің өзектілігі». «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ: Т. И. Керимбеков «Медициналық жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілдің кәсіби деңгейде оқытылуы». Шешімі: 1. Дөңгелек үстелге қатысушы мамандардың баяндамалары назарға алынсын. 2. Терминологиялық бірізділікті сақтау үшін қазақ тіліндегі шығарылатын медициналық оқулықтар мен жарияланымдар ҚР ДСМ жанындағы терминологиялық комиссия мүшелерімен келісілсін; Жауаптылар – Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың басшылары, мерзімі – тұрақты. 3. «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ Комиссияның жұмыс органы ретінде барлық Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардан қарап, бекіту қажет медициналық терминдерге сұрау салсын. Жауаптылар: «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ – Комиссияның жұмыс органы, мерзімі – 2023 жыл. 4. «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ басшылығы Комиссияның жұмыс органына медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардан медициналық терминдерді жинақтап, саралау, талдау жүргізу (дефинициясын жасау, бейіндері бойынша бөлу, әліпби ретімен орналастыру және т.б.) үшін бір (1) техникалық маман бөлуді көздесін. Жауаптылар: «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КеАҚ, мерзімі – тұрақты. 5. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының медициналық терминология комиссиясының ұсынысымен 900 (тоғыз жүз) медициналық термин бекітуге ұсынылсын. 6. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың бірінші басшыларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының медициналық терминология комиссиясына жүктелсін 7. Осы хаттамалық шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аппарат басшысы – Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының төрағасы Б. Әбділдин |
Ключевые слова:
https://news kaznmu edu kz/kaz/медицина-қызметкерлерінің-кәсіби-с/