Мейірімділік-асыл қасиет
10.11.2021 жылы «Микробиология және Вирусология» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы студенттермен бірге Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының «Мамандандырылған балалар үйі» КМК мен Алматы қаласы білім басқармасының «Әлеуметтік мекемелердің түлектерін бейімдеу және қолдау орталығы» «Жастар үйі» КМК мекемелеріне барды. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбында мейірімділік іс-шараны «Дүниежүзілік жетімдер күніне» орай ұйымдастырды. Қайырымдылық іс-шараға 1 және 2 курс жалпы медицина мектебі-1 34 студент (ЖМ21-003-02, ЖМ21-004-01, ЖМ21-004-02, ЖМ21-007-02, ЖМ21-012-02, ЖМ21-028-01 және ЖM20-017-1) қатысты. Қайырымдылық іс-шараның басты мақсаты: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау және әр түрлі жоғары оқу орындарында оқитын әлеуметтік мекемелердің түлектерін әлеуметтік қолдау.
Студенттер КМК «Мамандандырылған балалар үйіндегі» балғын бөбектерге силықтар, ойыншықтар мен кітаптар әкелді, сонымен қатар балалармен үнемі бірге болып, олардың кәсіби дағдылары дамытып қана қоймай балаларға деген жүрек жылуын танытатын қамқоршыларды және мекеме ұжымын да мерекелерімен құттықтады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері студенттерге және кафедра ұжымына қамқорлықтары, қолдаулары және оларға деген мейірімділіктері үшін алғыстарын білдірді.
КМК «Жастар үйінде» студенттер cилықтар мен шығармашылық бағдарламамен болды. Студенттерді мекеме қызметкерлері мен балалар ашық жүректерімен қарсы алды, себебі студенттер тек силықтар ғана әкеліп қоймай, сонымен қатар театрландырылған көріністерін әкеліп, көрермендерге жағымды әсер мен эмоциялар қалдырды. Шара соңында мекеме қызметкерлері мен балалар студенттерге жаралы болғандарға жәрдем беруге, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық және қайырымдылық көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді