Мемлекет басшысы: Медицинаға бөлінген 3,3 трлн теңгенің нәтижесі көрініп жатқан жоқ
Отандық медицинаға бөлінген 3,3 триллион теңгенің нәтижесі көрініп жатқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек екенін атап өтті. Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізе бастаған. Ал, сала мамандары медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеліп соқтыруда, – дейді.
Мақсұт Құлжанов, медицина ғылымдарының докторы:
Цифрландыру жүйесін бір мәмілеге келтіру керек. Қазір бәрі бөлініп-бөлігіп кеткен. Біз емес, бізге дейін 10 шақты ақпаратттық жүйелер. Бір-бірімен келіспейді. Мынаның ақпараты мынаған жалғаспайды деген сияқты. Соның барлығын қосып, платформа дейді ғой.
Президент Үкіметке мемлекет кепілдік беретін медициналық көмектің бірыңғай базалық топтамасын жасауды тапсырды. Себебі, ел азаматтары бірнеше ай бойы кезек күтуге мәжбүр болғандықтан, ақылы негізде қаралуға жиі жүгінеді.
Қуан Нұрақын
https://www.youtube.com/watch?v=PVbAZhfvnqw