Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰМУ көрнекті хирургтарын ордендермен марапаттады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар қазақстандықтарды ордендермен және атақтармен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтар тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудағы үздік жетістіктері үшін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен «А.Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, ҚазҰМУ хирургия кафедрасының меңгерушісі Болатбек Баймаханов, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен академик Камал Ормантаев, «Құрмет» орденімен ҚазҰМУ кардиохирургия кафедрасының меңгерушісі, Алматы қалалық кардиологиялық орталығының директоры Алмат Қодасбаев марапатталды.
ҚазҰМУ ұжымы Камал Саруарұлын, Болат Бимендіұлы мен Алмат Тұрысбекұлын лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтайды!
Біз мақтан тұтарлық жетістік!
Мақтанышымыз мол!