«Менің Елім – Қазақстан, Ел Ордам – Нұр – Сұлтан»
2019 жылғы 1 және 20 сәуір аралығындағы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының шығуына арналған іс-шараларына орай өткізілген флэш-мобтың тақырыбы: «Менің Елім – Қазақстан, Ел Ордам – Нұр – Сұлтан»
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жыл басында халыққа жолдау жасады. Жаңа жолдауға орай Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жариялады. Еліміз 2019 жылдан бастап жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Жолдауда Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған болатын. Осылайша, еліміз саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алды. Еліміздің, ұлтымыздың болашағы – жастар екенін ескере отырып, Жалпы медецина мектебінің деканат қызметкерлері және 1 курс студенттері 12.04.2019 жылы «Менің Елім – Қазақстан, Ел Ордам – Нұр – Сұлтан» атаулы флэш-моб өткізді. Бұл іс – шара Елбасымызға деген жастардың қолдауы. Елбасымыз көпшілікке өнеге болып, жастарға айрықша шабыт беріп отыр. Тәуелсіз еліміздің шуақты күндері мен қуатты ғұмыры мәңгілікке ұлассын!