Мен өмірді сүйемін
Медициналық биофизика модулі жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Мен өмірді сүйемін» атты сайысын ұйымдастырды (Адибаев Б.М., Алмабаева Н.М., Нуртаева Г.К.).
Сайысқа барлық факультет студенттері қатысты. Өз туындыларын ұсынған 35 жұмыс қабылданды. Сайыстың қорытындысы бойынша 5 жұмыс грамота және 30 туынды сертификатпен марапатталды.
Сонымен қатар бұл іс-шарада студенттер елде белең алған зиянды заттардан және жұқпалы аурулар туралы презентациялар, Өмір туралы видеофильм көрсетті.
Өмірдегі қуаныштар мен қайғыны бірге алып жүретін сезімдерді (өкініш, мұң, қуаныш және т.б.) сипаттайтын ойындар ұйымдастырылды. Залда отырған студенттер іс-шарадан үлкен әсер алды.
Мен өмірді сүйемін!
Тас Жансая
СТ15-001 топ студенті
Мен өмірді сүйемін!
Мына жалған дүниеде,
Пенде боп туғаным үшін.
Жүректе сөнбейтұғын,
Бір түйір иманым үшін.
Мен өмірді сүйемін!
Отбасым қорғандарым,
Өмірде болғаны үшін.
Алдыма мақсат еткен,
Сан қилы арманым үшін.
Мен өмірді сүйемін!
Жанымнан табылатын,
Шынайы достарым үшін.
Олардың өмірімі,
Үлесін қосқаны үшін.
Мен өмірді сүйемін!
Туған жер мемлекетім,
Тәуелсіз Отаным үшін.
Елімнің дамуына,
Үлесті қосарым үшін.
Мен өмірді сүйемін!
Білікті де білімді,
Дәрігер атану үшін.
Жазылмас аурулардың,
Емдері жасалу үшін.
Өмірді сүйе берем!
Бітпейтін қызықтарын,
Сезіне білгенім үшін.
Осы жалған өмірде,
Тірі боп жүпгенім үшін.
Мен өмірді сүйемін!