Мерекедегі қоныс той! ҚазҰМУ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара өтті
Еліміздің басты мерекесі қарсаңында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің келешекте үлкен үміт күттірер жас қызметкерлер, жетекші мамандар және университет ардагерлері сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Мерекелік шараның басты бөлігі университеттің 24 жас қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі болды. Медицина қызметкерлерінің қоныс тойымен құттықтауға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Актаева келді.
Бүгін «Конкордия» театрында шара қатысушылары ерекше мерекелік көңіл-күйде болды.Ширек ғасырдан аса уақытта тәуелсіздік алған сәттен еліміз көптеген жетістіктерге жетті. 26 жыл мерзім аралығы медицина саласында үздік жобалар жүзеге асырылды. Бұл жетістіктерге біз толықтай мақтана аламыз. Біздің университет медицина қызметкерлерінің бірнеше буын аралығындағы үздіксіз байланысты сақтай отыра, абыроймен уақыт сынағынан өте білді. Тәуелсіздік жылдары ҚазҰМУ-дың медицина қызметкерлері еліміздің даму жолында үлкен жолды өткерді.
– Еліміздің тағдырына жауапкершілік сезіммен қарайтын және біртұтас Қазақстан халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін бұл маңызды оқиға, – өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Актаева атап өтті.
– 26 жыл бұрын әлемнің саяси картасында Қазақстан Республикасы құрылған болатын. Бұл күні еліміздің тұрғындары еркіндік пен тәуелсіздікті таңдаған еді. Ата-бабамыздың аңсаған асыл арманын жүзеге асыру бізге үлкен абырой. Елбасымыздың жетекшілігімен еліміз айбыны артқан елге, қуатты ұлтқа айналды, сондай-ақ әлемдік қауымдастықта үлкен беделге ие болды.
Мерекелік шара барысында дәстүрлі университет қызметкерлеріне ҚР БжҒМ мен ҚР ДСМ-нен ведомствалық наградалары, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті.
– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді алуға ұсынған қызметкерлердің тізіміне сейкес, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетің 24 қызметкерлеріне пәтер беру мақұлданды, – деп вице-министр түсіндіріп өтті. – Бүгін өздерін ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан жақсы ұсынған қызметкерлер қоныс тойды атап өтетін болады. Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері, PhD докторлары, магистранттар, сонымен қатар ҚазҰМУ-да еңбек өтілімі бар және ағылшын тілін меңгерген, мемлекеттің қолдауына мұқтаж жас отбасылар.
Сонымен бірге ведомство өкілі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын әлеуметтік бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің орнықтылығы мен серпінді дамуына ықпал ететін міндеттердің бірі –инновациялар мен медициналық ғылымды дамытуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласында адам ресурстарын басқару тиімділігін арттыру болып табылатынын» айтып өтті.
Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау маманының айтуынша ғылыми кадрлар тапшылығы жағдайында, ғылыми мектеп дамуы – магистратура, PhD докторантураға қабылдауды ұлғайтуға, ғылыми кадрларды дайындауда мамандықтар мен бағыттар санын кеңейтуге негізделетін болады; 2018 жылдан бастап жетекші отандық медициналық ЖОО мен ғылыми ұйымдардың базасында пост-докторантура бағдарламаларын енгізу; сондай-ақ, дарынды мамандарды тартуда және оларды ғылыми зерттеулер жүргізуге ынталандыруда әлеуметтік-экономикалық тетіктері арқылы кешенді жүйе құру.
– С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Елбасының тапсырған стратегиялық міндеттерін сәтті орындап, еліміздің медицина саласында білім беруде үздігі болып табылады, – Лязат Актаева айрықша атап өтті. – Алайда, бұған қарамастан университетте шығарылатын PhD докторанттар саны бес жыл аралығы үш есе көбейді. 8-24 адам аталмыш кадрда қажеттілікті толық қамтымағаннан кейін, PhD докторантураға қабылдау саны көбейіп, осы жылда 30 докторант қабылданды. Бұл жерде тек білікті маманды дайындау ғана емес, сонымен оның жұмыс атқаруына жағдай жасау қажет. Біз білердей, кадр санының тұрақсыздығы мен жетіспеушілігіндегі негізгі себебінің бірі – тұрғын үйдің болмауы. Бұл жолда үкімет тарапынан үлкен жұмыстар атқарылатын болады.
Мерекелік шарада ҚР БжҒМ мен ҚР ДСМ-нен ведомствалық наградалары мен университеттік медальдармен 80-нен аса Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың қызметкерлері марапатталды. Салтанатты табыстау рәсімінен соң, шара қатысушылары мерекелік концерт тамашалады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВЕДОМСТВАЛЫҚ НАГРАДАЛАРЫ:
«Алғыс хат»
1.Тасекеева Бахтыгуль Жорабаевна
2.Кожимбетова Гульнар Балтабаевна
3.Сеитова Эльмира Абимолдановна
4.Сапакова Мадина Мухтаровна
5.Балмуханова Айгуль Владимировна
6.Шынгысбаев Лескен Сейдыгалымович
7.Юсупов Рустам Рахимович
8.Ералиева Ляззат Тасбулоатовна
9.Шопаева Гульжан Амангельдиевна
10.Рустемова Акбота Молдановна
«Құрмет грамотасы»
1.Тажиметов Бекзат Махмутович
2.Нургалиева Жанар Женисовна
3.Кожекенова Жанат Асетовна
4.Чумбалова Гульмайра Мухамедовна
5.Абдуллина Зауреш Абдрахметовна
6.Карибаева Асель Казбековна
7.Бошкаева Асыл Кенесовна
8.Капсалямова Эльмира Николаевна
9.Ботатаева Улжан Акылтаевна
10.Алтыбаева Зауза Узакбаевна
11.Нуркенов Тельман Тилегенович
12.Тлеуова Кымбат Рамазанкызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ВЕДОМСТВАЛЫҚ НАГРАДАЛАРЫ:
«Енбек ардагері»
- Нургалиева Гульзада Кажыгереевна
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі»
- Есенкулова Сауле Аскеровна
- Измайлова Слу Хабибиевна
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»
- Катарбаев Адиль Кайрбекович
- Кайрбеков Акылтай
«Құрмет грамотасы»
- Нуркасымова Алмагуль Турсумбаевна
- Балабекова Марина Казыбаевна
- Божбанбаева Нишанкуль Сеитбековна
- Ибадуллаева Галия Саруаркызы
«Алғыс хат»
- Умбетов Базарбай Умбетович
- Кожахметова Айгуль Нагашбековна
- Рамазанова Маншук Анеровна
УНИВЕРСИТЕТТІК НАГРАДАЛАР:
«ҚазҰМУ Ардагері» құрметті атағы:
- Шопабаева Алма Рахимбаевна – фармация және клиникалық фармация экономикасы, ұйымдастыру, басқару кафедрасының профессоры.
- Саякова Галия Мырзагалиевна – химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті.
- Власова Валентина Алексеевна – Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасының лаборанты.
- Альмухамбетова Рауза Кадыровна – №3 ішкі аурулар кафедрасының профессоры.
- Ибрагимова Роза Сафиулловна – интернатура және резидентурадағы стоматология кафедрасының профессоры.
- Аскарова Шолпан Назаровна – Ортопедиялық стоматология кафедрасының доценті.
- Адибаев Берикхан Мукатович – Биофизика курсы бар информатика кафедрасының доценті.
«ҚазҰМУ Алтын медалі»:
- Сулейменова Оранбасар Яхметовна – шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының меңгерушісі.
- Амрин Мейрам Казиевич – Жалпы гигиена және экология кафедрасының доценті.
- Илиясова Мариям Илиясовна – Химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті.
- Искакова Марьям Козбаевна – интернатура және резидентурадағы стоматология кафедрасының профессоры.
- Ермуханова Гульжан Тлеумухановна – балалар жасындағы стоматология кафедрасының меңгерушісі.
- Нысанова Бакыт Жакеновна – Ортопедиялық стоматология кафедрасының доценті.
«ҚазҰМУ Күміс медалі»:
- Шукенова Эльвира Камшыбековна – №2 акушерлік және гинекология кафедрасының ассистенті.
- Дарменкулова Рая Нурсултанкызы – Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының доценті.
- Бегимбетова Гульшат Алтаевна – Жалпы гигиена және экология кафедрасының аға оқытушысы.
- Айтбаев Жанабай Жумабекович – интернатура және резидентурадағы стоматология кафедрасының доценті.
- Шаяхметова Мейрамкуль Кожахметовна – Ортопедиялық стоматология кафедрасының доценті.
- Байдуллаева Гульжахан Елтаевна – Биофизика курсы бар информатика кафедрасының доценті.
«ҚазҰМУ Қола медалі»:
- Рыспекова Шынар Ордакановна – Валеология курсы бар қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі.
- Раманкулова Алима Абрамбековна – Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасының аға оқытушысы.
- Исаева Амангул Габдулхакимовна – Фтизиопульмонология кафедрасының доценті
- Кашаганова Куляш Тугелбаевна – Жалпы медицина мектебі деканының орынбасары.
- Зауреш Турсуновна Утельбаева – Офтальмология кафедрасының профессоры.
- Сагидолдина Ляйля Каликановна – Дерматовенерология кафедрасының доценті.
- Тагирова Рима Толеухановна – оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы.
- Исаева Жанар Турсунбайкызы – Қазақ тілі және кәсіби қазақ тілі кафедрасының доценті.
- Бердалиева Тамара Кундызбаевна – Орыс тілі және кәсіби орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы.
- Семченкова Светлана Александровна – Гистология кафедрасының доценті.
- Бейсенбинова Жанат Бекмуханбетовна – АИТВ инфекциясы және инфекциялық бақылау курсы бар эпидемиология кафедрасының аға оқытушысы.
- Ананьева Лариса Викторовна – Фармакология кафедрасының доценті.
- Сафарова Тавакул Сайыбовича – ортопедиялық стоматология кафедрасының ассистенті.
«Құрмет грамотасы»:
- Айтбаева Мархабат Амирамзаевна – Жалпы медицина мектебінің хатшысы.
- Тунгушбаева Галия Жетписбаевна – Орыс тілі және кәсіби орыс тілі кафедрасының аға оқытушысы.
- Унасбаева Гульжан Алгабековна – шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының аға оқытушысы.
- Баянбаева Айгуль Амангельдиевна – шет тілі және кәсіби шет тілі кафедрасының аға оқытушысы.
- Сапакова Мадина Мухтаровна – персоналды есепке алу бөлімінің бсашысы.
- Магаева Анар Кудайбергеновна – Ортопедиялық стоматология кафедрасының аға лаборанты.
- Бекенаева Кымбат Сламовна – Биофизика курсы бар информатика кафедрасының аға оқытушысы.
ҚазҰМУ Алғыс хаты:
- Тюлюбекова Жамал Казезовна – рекрутинг бөлімінің жетекші маманы.
- Ербаева Асель Сайлаухановна – оқу үрдісін жоспарлау және бақылау бөлімінің әдіскері.
- Мамбетова Эльвира Рахымбаевна – адами ресурстарды басқару бөлімінің маманы.
- Айкынбекова Салтанат Батырхановна – адами ресурстарды басқару бөлімінің маманы.
- Толганбаева Камшат Акжановна – Экономикалық теория және денсаулық сақтау экономикасы, медициналық сақтандыру кафедрасының аға оқытушысы
- Фоменко Татьяна Владимировна – Коммуникативтік дағдылар кафедрасының ассистенті.
- Акиянова Гаухар Маратқызы – Ғылыми кадрларды және профессорлық-оқытушылық құрамды есепке алу бөлімінің маманы.
- Дербесова Гульнур Халмурзаевна – Ғылыми кадрларды және профессорлық-оқытушылық құрамды есепке алу бөлімінің маманы.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі