Министр еліміздің болашақ дәрігерлерімен кездесті
Елімізде 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көрнекті тұлғалармен көптеген кездесулер ұйымдастыруда. Соның бірі – кешегі өткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е.Біртановпен кездесу.
Бұл кездесуде минстрдің өмірбаянын, оның жұмыс тәжірибесін сағаттап айтып отыруға уақыт болмады. Өйткені, министрдің әр сағаты нақты белгіленген, бүгіннің өзінде бұл кездесуден басқа маңызды кездесулер жоспарланған. Кездесуге келген студенттердің де министрге қоятын сұрақтары аз емес. Әрине, болашақ дәрігерлерге келіп отырған қонақтың адамдық қасиеттері мен кемшілігі жайлы, оның адамдардан қандай қасиеттерді бағалайтыны және керісінше адамдардан нені ұнатпайтын білу өте қызықты. Елжан Амантайұлының айтуы бойынша, барлық дәрігерлер адамгершілік, мейірімділік және ең қажеттісі – адалдық сияқты адамдық қасиеттерге ие болуы керек.
— Дәрігер өзінің қабілетін шынайы бағалауы өте маңызды, — дейді Біртанов. – Дәрігер өзінің не істей алатынын және неге шамасы жетпейтінін жауап беруі керек. Егер дәрігер өзін-өзі алдаса, әлемдік медицинамен бірге бір толқында болмаса – мұның кесірі науқасқа тиюі мүмкін.
«Білім берудегі еркіндік Сіз үшін нені білдіреді?», — деп Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры Талғат Нұрғожин министерден сұраған болатын.
— Білім берудегі еркіндік – бұл жаңа уақыт талабы, ол халықаралық бизнес көшбасшыларын тәрбиелеуге көмектеседі», – деді Біртанов. Сонымен қатар, нарық талаптарына жауап беру оңай болады. Студенттердің өздері де оқу бағдарламасымен шектелмеуі керек. Егер, мысалы, студент болашақта онкологиялық ауруларды емдеуді жоспарлап отырса, ол қазір бұл тақырыпты толықтай меңгеруіп отыруы тиіс.
Елжан Амантайұлы өз мансабын Алматы қаласындағы Жедел медициналық көмек көрсету емханасы психоневрология бөлімінде, ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімінде мейіргер ретінде бастаған болатын. Содан кейін 1994-1998 жылдары ЖМКА Ақпараттық-консультативтік токсикологиялық орталығының жетекшісі, дәрігер-токсиколог, реаниматолог қызметін атқарды. Бүгінде министрдің жұмыс кестесі сағат бойынша бекітілген, бірақ жұмыс жүктемесіне қарамастан, арасында уақыт тауып, достарға көңіл бөлу керектігін баса айтты министр. «Достарыңыздан нені аса бағалайсыз?» деген сұраққа Елжан Амантайұлы – олармен ұзақ жылдар аралығында достық қарым-қатынаста болғандығымды деп жауап берді. Министрдің пікірінше, ең адал достар – бала кезден келе жатқан достар екен.
Елжан Біртанов – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының үздігі. Оның 50-ден астам ғылыми мақалалары бар. 2018 жылдың желтоқсанында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Құрмет» орденін алды. Барлық мадақ пен жетістіктерге қарамастан – «Ең басты кемшілігіңіз қандай?» деген сұраққа – Елжан Амантайұлы жалқаулық деді. Кездесуде отырған студенттер түсініксіздік танытып, таңырқап, жалқаулық деген жауабын кеңірек түсіндіріп беруін өтінді.
— Шындығында, менің басты кемшілігім – жалқаулық, — деп нақтылады министр. — Егер мен жалқаулық танытпасам, одан да көп жұмыстарды тындырар едім.
Кездесу соңында Елжан Біртанов студенттерге шет тілдерді үйренуге, әсіресе ағылшын тілін меңгеруге көп көңіл бөлуге, оқу барысында білім беру бағдарламасымен шектелмей көп ізденіс етуге, сондай-ақ оқудан тыс көбірек саяхат жасауға кеңес берді.
Кездесу аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атағы берілді.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі