Миссисипи университетінің профессоры ҚазҰМУ студенттеріне дәріс оқыды
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде визитинг-профессор Самир Анис Росстің актілік дәрісі өтті. Ол АҚШ-тың Миссисипи университетінің ұлттық табиғи өнімдер орталығында зерттеушісі болып жұмыс атқарады.
ҚазҰМУ проректоры Убайдилла Датхаев университет қонағын қарсы алып, қазақстандық ЖОО-ның Миссисипи университетімен байланыс орнатқаны туралы мәлімдеді.
«Біз Миссисипи университетімен жақсы байланыстамыз. Қазақстандық ғылымды қолдағаныңыз үшін, қазақстандық докторанттарды дайындағаныңыз үшін алғыс айтамыз», – деп сөз салды.
Профессор Самир Росс «Дәрілік заттарды стандарттау» тақырыбында дәріс өткізді. Тыңдаушылар фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандығының 4 курс студенттері, магистранттар мен докторанттар, практикалық Фармация өкілдері, Фармация мектебінің ПОҚ-нан құралды. Самир Анис Росс мырза «С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ-ның құрметті профессоры болып саналады және 10 жыл бойы ғылыми кеңесші қызметін атқарады. Профессордың жетекшілігімен «Фармация» және «ТФП» мамандықтары бойынша 9 PhD докторы өз жұмысын қорғаудан сәтті өткен.
Профессор Самир Анис Росс Қазақстанда алғаш рет 2003 жылы болғанын атап өтті. Осы уақыттан бастап оның қазақстандық ғалымдармен зерттеу ынтымақтастығы басталды. Өз дәрісінде ол дәрілік заттарды жасау үшін қазақстандық флораның арасында қажетті қосылыстардың бар-жоғын, туберкулез сияқты ауруларды емдеу кезінде өсімдік компоненттерінің белсенділігін және жалпы дәрілік қосылыстарды жасауды зерттегені туралы айтты.
ҚазҰМУ студенттері оның болашаққа жоспарлары, алдағы зерттеу жобалары, ғылымдағы қаржылық перспективалары, АҚШ-та тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы сұрады.
«Мен өсімдіктерден, саңырауқұлақтардан, теңіз организмдерінен биологиялық белсенді қосылыстардың әрекет ету механизмдерін одан әрі зерттеуге мүдделімін. Өсімдік компоненттерінің дәрі-дәрмектерде қалай жұмыс істейтінін түсіну маңызды. Мен 400-ден астам мақала жарияладым және 16 патентім бар. Олардың арасында қаражат табатындар бар, бірақ бұл үлкен табыс емес. Тәжірибеден өту жоспарларына келетін болсақ, бұл мәселені қарастыруға әбден болады». – деп бөлісті ғалым.
Самир Анис Росс өз шәкірттері арасында еңбекқорлықты, ұмтылысты, ғылымға деген адалдықты атап өтеді. Оқушылар қатарында декандар, доценттер, жетекші қазақстандық университеттердің кафедра меңгерушілері, фармация саласындағы отандық компаниялардың негізін қалаушылар, табысты әлемдік фармацевтикалық компаниялардың менеджерлері қатысты.