«Міндетті жұмыс өтемі және әскери дәрігер болу» атты кездесу өтеді
2025 жылғы бітірушілермен 17.04.2025 жылы сағат 15.00-де «Міндетті жұмыс өтемі және әскери дәрігер болу» атты кездесу өтеді. Іс-шараға әскери сала өкілдері, «Қаржы орталығы» АҚ мамандары қатысады.
Кездесу барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 3 жылдық міндетті еңбек өтілін өтеу тәртібі мен шарттары;
- Жас мамандар үшін әскери-медициналық құрылымдарда жұмыс істеу мүмкіндіктері, қызмет шарттары мен артықшылықтары;
- Әскери салада еңбек еткісі келетін түлектерге арналған қосымша қолдау бағдарламалары.
Бұл кездесу — болашақ дәрігерлер мен сала мамандары үшін өздерінің кәсіби жолын нақты айқындауға, сұрақтарына жауап алуға және әскери-медициналық құрылымдар туралы толық ақпаратпен танысуға тамаша мүмкіндік.
Келем деушілерге есік ашық! Қатысу — ертеңгі кәсіби болашағыңызға жасалған маңызды қадам.
Ұлттық ұланнан:
- Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының медициналық басқармасының бастығы медицина қызметінің полковнигі Оспанов Арман Кеңесұлы;
- Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571 әскери бөлімінің медициналық қызметінің бастығы медицина қызметінің подполковнигі Беккарнаев Нұртас Марғұланұлы;
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен:
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицері, медицина қызметінің подполковнигі Джумагулов Адиль Умербекұлы.
- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің офицері, медицина қызметінің аға лейтинанты Жумабек Жанболсын.
ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінен:
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталінің басшысы, медицина қызметінің полковнигі Сахов Болатбек Нагатайұлы.
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-клиникалық госпиталі басшысының орынбасары Яфаров Рамис Дамирович
«Қаржы орталығының» АҚ өкілі:
- Тыныбеков Абылай Амангелдіұлы