Мүсілімбай Дайырбеков атаулы стипендиясына конкурс жарияланады
Құрметті ҚазҰМУ стоматология мектебінің білім алушылары!
Мүсілімбай Дайырбеков атаулы стипендиясына конкурс жарияланады.
Мүсілімбай Дайырбеков – дәрігер-стоматолог, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері, КСРО мен Қазақстанның денсаулық сақтау үздігі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын жүрек» қоғамдық-ұлттық сыйлығының иегері.
«Стипендия» стоматология мектебінің білім алушыларына конкурстық негізде 5 жыл (5 курс) шарттық негізде беріледі.
«Стипендия»тағайындау критерийлері:
- барлық оқу кезеңіндегі үлгерімнің жоғары рейтингтік балы 3.2 GPA-дан төмен емес;
- академиялық қарыздың болмауы;
- практикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу.
«Стипендия» беру тәртібі:
Құжаттарды қабылдау мерзімі 13.10-19.10.2023 жылдар аралығында (сағат 14.00-ге дейін).
Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
- білім алушы куәлігінің көшірмесі;
- үлгерімнің рейтингтік балын көрсететін транскрипт;
- халықаралық, республикалық, қалалық конференцияларға қатысуды растайтын сертификаттар;
- қаржылық берешектің жоқтығы туралы бухгалтериядан анықтама.
Құжаттарды әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Бекжанов Аян Жайнарұлына [email protected] пошта арқылы жіберу қажет. Байланыс телефоны: +7 7022222215.