Мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толықтай сипаттайды – Талғат Нұрғожин
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сын сағатта мемлекеттің әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдарға көмек қолын созуы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толықтай сипаттайды. Осындай пікірін С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры Талғат Нұрғожин жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы әлемнің барлық мемлекеттерін қамтып, адамзатқа айтарлықтай салмақ түсірген.
Көптеген елдер инфекцияның таралуына жол бермеу үшін экономикаға әсер ететін карантиндік шараларды енгізуде.«Қазақстан айтарлықтай экономикалық шығындарға қарамастан, өз азаматтарына теңдесі жоқ қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған дағдарысқа қарсы шаралары бүгінгіміз бен ертеңімізге алаңдамауға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан миллиондаған тұрғындарымызға қолдау көрсетілмек: зейнетақыларды индекстеу, әлеуметтік төлемдер, медициналық қамтамасыз ету, азық-түлік жиынтығымен арнайы көмек, салықтық преференциялар түріндегі бизнесті қолдау және қарыздар бойынша төлемдер мерзімін ұзарту, салық төлеуді тоқтата тұру, жол картасы бойынша жұмысқа орналастыру және тағы басқа шаралардың барлығы азаматтарымызға коронавирус эпидемиясы мен карантин кезеңін өткеруге мүмкіндік береді», – деді Университет ректоры.
Оқу орнының басшысы өзі басқарып отырған білім саласына қатысты ойын айтты.
«Қазірде дәрігерлер бұрын-соңды болып көрмеген қаржылық қолдауды ала бастады. Не болса да, ақ халатты абзал жандар әркез науқастардың жанында табылмақ. Дәл қазір олар бәрімізден қарағанда әлдеқайда көп тәуекелге баруда, себебі олар вирусты жұқтырған науқастармен үнемі байланыста болуға тура келеді. Сонымен қатар, Президент барлық қазақстандықтардың мұң-мұқтажына назар аударып, нақты шаралар қолдануда. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау және басқа да қолдау шаралары мұны растап отыр. Әрбір қазақстандық, қандай да бір ұйымның жалдамалы қызметкері болсын, кәсіпкер, жұмыссыз немесе ешқашан бюджетке ресми ақша аудармаған өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болсын, барлығы да мемлекеттен қаржылай өтеусіз көмек алуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жаңа тұжырымдамасының іске асырылуы азаматтарға нақты көмек ретінде анық сезілуде. Еліміздің, Үкіметтің және Президенттің сенімін растап, енгізілген шектеу режимдерінің ережелерін мүлтіксіз сақтау біздің міндетіміз болып табылады. Халқымыздың тағдыры әрбір қазақстандықтардың іс-әрекетіне тікелей баланысты болып отыр», – деді Талғат Нұрғожин.