«Мәңгілік ел қағидалары – жаңа Қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі» атты дөңгелек үстел өтті
2016ж, 05 қазан, сағ 11.00 де Алмалы ауданы «Нұр Отан» партиясы және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУнің Студенттермен жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен «Даңқ залында» Елбасының ұлт жоспарын және «Мәңгілік ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҚАҒИДАЛАРЫ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗІ» атты дөңгелек үстел атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Университеттің студенттерімен профессорлық оқытушы құрамы белсене қатысқан шараның мақсаты – «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау арқылы жастар арасында ұлттық сананы қалыптастырып, ұлттық рухты дамыту
Жиын барысында жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясының мән-маңызы сөз болып, жастардың патриоттық тәрбиесіне және оларды еріктілер қозғалысына жұмылдыру сынды мәселелерге аса ден қойылды.
Дөңгелек үстелдің модераторы ҚазҰМУ нің «Нұр Отан» партиясы бөлім меңгерушісі Құлманбетов Исатай Әзімұлы «Мәңгілік ел» идеясының еліміз үшін маңызды екенін ескере отырып, бәсекеге қабілетті болу үшін бүгінгі жастардың біліммен қаруланулары тиіс екендігін тілге тиек етті.
Кездесуге арнайы шақырылған Алмалы аудандық саяси кеңес мүшесі, АТУ проректоры Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы өз сөзінде игілігі мол іс-шараны ұйымдастырып отырған ҚазҰМУнің әкімшілігіне алғысын білдіре отырып, аласапыран мен дүрбелеңге толы ғасырларды бастан өткізген қазақ елінің тарихынан сыр шертті. Бұдан өзге жиынға қатысқан Алмалы аудандық саяси кеңес мүшесі – Жанатаев Данат Жанатайұлы– Ұлттық идея тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығын айта келе, баяндамашы Президент Жолдауында көрсетілген ортақ басымдықтарға тоқталып өтті.ұлттық идея аясындағы өз ойларымен бөлісті.
Қазақ халқы ХХ ғасырдың соңында мәңгілік арманына жетті. Елбасы елдің мәңгілік тұғырнамасын қайта қозғап, бабалардың арманын қайта жаңғыртты. Бұл да сын сағаттардың жемісі еді, яғни қазақ елінің мәңгілік жеңісі. Қатысқандар көтерілген тақырыптың өзектілігі мен оның жас ұрпақ тәрбиесінде алатын орны туралы және ұлттық идея мәселесі көпшіліктің көкейінде көптен жүрген ортақ ой болғанын атап өтті.