«Мәңгілік Ел» – өскелен ұрпақтың басты құндылығы» атты конференция өтті
«Мәңгілік Ел» – өскелен ұрпақтың басты құндылығы» атты конференция өтті.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттықмедициналық университетінде 2016 ж.2 ақпан күні Даңқ Залында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаменті, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» – өскелең ұрпақтың басты құндылығы» атты конференция өтті.
Конференцияның басты мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын университет студенттеріне насихаттау және бойларында отан сүйгіштік сезімін ояту.
Конференцияның ашылу сөзінС.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы, профессор И.Ә.Құлманбетовсөйледі. И.Ә.Құлманбетов Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясы елімізді жұдырықтай жұмылдырып алдағы жетістіктерге жетелейтіндігіне сенім білдірді.
Алғашқы баяндамашы Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Рсалдина Ғ.Т. «Бес институционалдық реформа – Мәңгілік Елді қалыптастыратын Ұлт жоспары» атты тақырыпта сөз сөйлеп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалды реформалары жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Университеттіңстуденттік үкіметінің төрағасы, стоматология факультетінің 5- курс студенті Бөріхан Ерболатуниверситет жастарының жұмысы жайлы хабардар етті. Жалпы медицина факультетінің 5 курс студенттері «Мәңгілік Ел» идеясы жайлы өз баяндамаларында қаншалықты хабардар екендігін конференция қатысушыларына көрсетті.
Конференцияны қорытындылау мақсатында Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің басшысы Л.С.Шыңғысбаев, Алматы қаласы бойынша «Жас Отан» партиясының төрағасы, университетіміздің түлегі Байзақанов Аслан, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент З.У.Бисембаева өз сөздерінде студент жастарға «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мәнін жеткізе отыра, талмай білім алуға және бәсекеге қабілетті медициналық қызметкер болуғашақырды.