«Мәңгілік ізін қалдырған». Қазақ халқы-ұлт келбеті.
3 шілде 2019 ж. күні университетіміздің ғылыми кітапханасында қазақтың көрнекті ғалымы – қазақ археология ғылымының негізін қалаушы академик Әлкей Хаканұлы Марғұланның туғанына 115 жыл толуына байланысты «Мәңгілік ізін қалдырған» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шарамыздың арнайы шақырылған құрметті қонағы академиктің қызы Марғұлан Данель Әлкейқызы болды.
Осы Ұлы дала тарихының өткен кезеңімен танысып және оны зерделеу бүгінгі күні санамызды оятып, сусындатуда. Атақты Қазақ батыры Олжабайдың тікелей ұрпағы, академик Марғұланның аты әлемге белгілі десек артық айтпаймыз. Оның шығармалары бірегей, жан- жақты және Ежелгі Шығыс философиялық көзқарастарымен бітісе қайнасқан. 14 томнан тұратын үлкен ғылыми мұралары, іргелі еңбектері тарих, мәдениет, этнос, археология және ШоқанУәлихановтың өміржолы мен еңбектерімен қатар Қорқыт, Манасты зерттеуге арналған. Кездесуге қатысушылар академиктің қызы Данель Марғұланның атақты ғалымның отансүйгіштігі, оның өміржолдары мен ғылыми ізденістері, сонымен қатар ол кісінің ұмытылмас сәттері, қандай мейірімді әке және кемелге толы ата болғаны жайлы тебіреніспен айтқан әңгімелерін қызығушылықпен тыңдады. Энциклопедиялық деңгейлі ойшыл ғалым, қазақстандық археологиялық мектебінің негізін қалаушы, түріктанушы, мәдениеттанушы, шығыстанушы, халқымыздың тарихи ұлттық өткеніне атсалысқан тарихшы, Қазақстанның қазба жұмыстарымен қатар, қола және темір дәуірінің ескерткіштерін жасауда алғашқылардың бірі болған ғалым деп білеміз.
Іс-шарамыз « Елін, жерін танытқан ер» атты кітап көрмесінің презентациясынан басталғанын айта кеткеніміз жөн. Отырыс соңында академиктің қызы Данель Марғұлан рухани мұра ретінде «Қазақ халқы – ұлт келбеті» атты фото альбомын кітапхана қорына сыйға тартты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Этникалық кеңес проф. Мұстафина Ж.Ғ., проф. Марғұлан Д.Ә., Ғылыми кітапхана басшысы Асанова А.Б., Елеукенова С.А.,Сабенова Л.Т., Абдиханова Ж.Б., Оналбаева Г.,Омарова Н.С., Мұхтар Ж. және кітапхана қызметкерлері.