Наурызнама–2026: микробиология, вирусология кафедрасындағы тағылымды күндер
2026 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Наурыз мейрамын атап өту бастамалары аясында және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 11-бағытына сәйкес, микробиология, вирусология кафедрасында Наурызнама онкүндігі барысында мәдени мұраны сақтау мен дамытуға бағытталған бірнеше іс-шара жоғары деңгейде өткізілді.
Осы ретте кафедрада ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Ұлттық киім» мерекесі кеңінен аталып өтті. Аталған іс-шараға Микробиология, вирусология кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және эдвайзерлік топтары белсене қатысты. Қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға бағытталған мазмұнды шара ұйымдастырды.
Сонымен қатар, студенттер мен оқытушылардың белсенді қатысуымен «Ынтымақ күні» ұйымдастырылып, өзара бірлік пен татулық құндылықтары кеңінен насихатталды. Аталған шараны қорытындылау мақсатында арнайы видеоролик түсіріліп, мерекенің жарқын сәттері, қатысушылардың белсенділігі мен көтеріңкі көңіл-күйі көрініс тапты.
Бұдан бөлек, Тазару күні аясында тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Аталған шара барысында студенттер мен оқытушылар кафедра аумағында және оқу ғимаратының айналасында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазалау жұмыстарына белсене араласты. Бұл іс-шара студенттердің табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, тазалық пен тәртіпті сақтауға деген көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.
Жалпы, Наурызнама онкүндігі шеңберіндегі бұл бастамалар студент жастардың ұлттық сана-сезімін арттыруға, мәдени мұраны құрметтеуге және қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайтуға өз үлесін қосты. Өткізілген іс-шаралар жастарды елжандылыққа, бірлік пен татулықты қадірлеуге, сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге баулып, олардың рухани-адамгершілік тұрғыдан дамуына оң әсер етті. Сонымен қатар, мұндай тәрбиелік мәні жоғары бастамалар студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдық өмірге деген қызығушылығын арттырды. Ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған шаралар олардың тарихи санасын тереңдетіп, болашақта ел дамуына үлес қосатын саналы ұрпақ тәрбиелеуге негіз болды.








