«Невада-Семипалатинск» халықаралық антиядролық қозғалысына 30 жыл
2019 жылдың 28 ақпан күні сағат 12.00 де Даңқ Залында «Невада-Семипалатинск» халықаралық антиядролық қозғалысына 30 жыл болуына орай Этикалық кеңес және Жалпы гигиена және экология кафедрасы іс шара өткізді. Алғашқы сөз кезегін Х.Досумахамедов атындағы |Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы-|Давлетов Қ.Қ ашып берді. Осы іс шараның модераторы Этикалық кеңес төрайымы, халықаралық антиядролық қозғалыстың ардагері Мустафина Ж.Г осы антиядролық қозғалыска өзі қатысып, сынақтың сынығын көзбен көргенін айтып жеткізді. Ал кафедра меңгерушісі Кенесары Д.У осы экологиялық апатты аймақтардың тұрғындар денсаулығына әсері мен зардаптары туралы айтып жеткізді. Осы іс шараның өткізілуіне КазҰМУ-нің ғылыми кітапханасы мен 1,2 курс студенттері қатысты. Студенттердің шығармашылық жұмыстары мен концерттік бағдарламаларымен жалғасты. Іс шара соңында кітапхана көрмесі мен «Полигон» атты деректі фильм көрсетілді.